Басты » Қоғам » МАҢЫЗДЫ ЖИЫНДА МАМАНДАР ҰЙЫҚТАП ҚАЛДЫ

МАҢЫЗДЫ ЖИЫНДА МАМАНДАР ҰЙЫҚТАП ҚАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлықты түбейгейлі жеңу мүмкін емес. Шенділердің қомақты қаржыны қалтаға басып тайраңдауын тыюға тіпті халықаралық тәжірибе де көмектесе алмайды. Сондықтан сыбайластықпен күресушілер тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның салдарын анықтауға кіріскен.

16_10_1_1-mp4_snapshot_01-53_-2017-10-16_16-31-31

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін агенттік мамандары алдағы он жылға дейін ауқымды стартегия құрған. Оның орындалуы Астана қаласындағы Республикалық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінде талқыланды. Өңірлер арасында өткізілген видеожиында әр облыс атқарған жұмыстарына есеп берді. Оңтүстік өңірінің жауаптылары әр мекемеде түсіндіру жұмыстарын өткізіп, тіпті қомағайланам деп түрмеге тоғытылғандарды көрсету арқылы ескертулар жасайды екен. Алайда, мұндай шаралардың өзі жемқорлықты түбегейлі жоймайды,- дейді агенттік мамандары

Ғанижан Асанұлы, МҚІ және СЖҚІҚ агенттігінің ОҚО бойынша басшысының орынбасары:

– «Халықаралық тәжірибе көрсеткендей сыбайластықты мүлдем жою мүмкін емес. Себебі сыбайластық адамдардың тұрмысымен тікелей байланысты. Бірақ сыбайластықпен күресте айтарлықтай жетістікке жеткен мемлекеттердің тәжірибесі көрстекендей алдымен себептерін анықтау керек екен».

16_10_1_1-mp4_snapshot_01-40_-2017-10-16_16-31-53

Сонымен, дүние жүзілік тәжірибелердің өзі сыбайластықты түбейгелі жеңуге қауқарсыз екен. Олар тек, салдары мен себебін анықтап, сосын қоғам дертінің алдын алуға профилкатикалық жұмыстармен айналысады. Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресудің жолын іздеген мамандар бір терезе қағидасын да енгізген.

Ғанижан Асанұлы МҚІ және СЖҚІҚ агенттігінің ОҚО бойынша басшысының орынбасары:

– «Негізгі бірінші себеп, көрсетілетін мемлекеттік қызмет пен тұтынушының арасындағы тікелей байланыс үзілуі тиіс. Мәселен, бізде ХҚКО бір терезе қағидасы жүзеге асады. Осы арқылы қазірде екі тараптың тікелей байланысы жойылған».

Жемқорлықсыз қоғам құруға белсенді кіріскен мамандар өткен жылы қабылданған жаңа заң мен 2025 жылға дейінгі қабылданған стратегияның да оң нәтиже береріне сенімді. Бір жарым сағатқа созылған видеобайланыс жиынында қалғып- мүлгігендер де болды.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*