Басты » Қоғам » ӘКІМДЕР ШЫНЫМЕН АВТОБУСПЕН ЖҮР МЕ?

ӘКІМДЕР ШЫНЫМЕН АВТОБУСПЕН ЖҮР МЕ?

Шымкенттік шенеуніктер бір апта бойы қоғамдық көлікпен жүретін болды. Осылайша, билік өкілдері жолаушылардың мәселесімен етене таныспақ. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары бұл ерекше бастаманы кезекті көзбояушылыққа балап отыр.

17_10_2-5-mp4_snapshot_00-23_-2017-10-17_14-35-49

Үшінші мегаполистегі қоғамдық көлік мәселесінің жыры бітпетпейтін новелла секілді. Жұрттың бұл салаға байланысты жолдаған шағымы да шаш етектен. Мәселен, бүгінде қозғалыс кестесінің қысқаруы, автобустың лық толуы мен дөрекі кондукторлардың әрекетін құлақ естіп, көз көріп жүр. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бұл мәселенің күрмеуін шешу мақсатында шенеуніктерді қызметтік темір тұлпарды уақытша пайдалану құқығынан айырып отыр. Осылайша, транспорт бөліміндегі қызметкерлер жолаушылардың мәселесімен толық таныспақ. Барлық қызметтік көліктер әкімдіктің тұрағына 1 ай мерзімге қойылады.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкім:

– “Мен 1 ай мерзімге қызметтік көлікті пайдалануға тыйым саламын. Бұл маған, әкім орынбасарларына, бөлім басшылары мен аудан әкімдеріне, олардың орынбасарларына, сондай-ақ, коммуналды мекемелер мен ұйымдардың жетекшілеріне қатысты. Сонымен қатар әкімдік жетекшілері бір апта көлемінде жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынауды тапсырамын. Қалған үш аптада сіздер жеке көлікпен немесе, велосипедпен болмаса әрі қарай қоғамдық көлікті пайдалана аласыздар. Автобуста жүрген кезде қоғамдық көліктің жұмысындағы тәртіп бұзу фактілерін анықтауды сұраймын”.

17_10_2-5-mp4_snapshot_02-25_-2017-10-17_14-36-23

Тапсырма берілген бойда әкім орынбасарларынан бастап, бөлім басшылары сондай-ақ, коммуналды мекемелер мен ұйым жетекшілерінің қоғамдық көлікте түскен суреттері әлеуметтік желіде жүктеле бастады. Желі қолданушыларының басым бөлігі мұндай шараны қолдаса, енді бірі көзбояушылыққа балап, бұл әрекетті әкімнің алдында есеп беруі ғана,- деп қабылдап отыр.

Ал, қалалық полиция басшыларына бөлек тапсырма берілді. Енді қалалық ішкі істер бөлімі автобус жүргізушілерінің жол жүру мен жолаушылар тасымалдау ережесін сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Ал, қоғамдық көлікте ереже бұзу фактісін тіркеп, тиісті сурет пен бейне материалды call-орталыққа 545-545 нөмірі арқылы, +7 777 885 8513 whatsapp нөмірі арқылы хабарлама жіберуге болады.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*