Басты » Қоғам » ӘР СӨЗІ ХИТ БОЛАТЫН ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ТАҒЫДА ЖЕЛІНІ ЖАРДЫ

ӘР СӨЗІ ХИТ БОЛАТЫН ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ТАҒЫДА ЖЕЛІНІ ЖАРДЫ

Ғабидолла Әбдірахымов жұмысына автобуспен қатынайды. Ол сөзінде тұрып, әкімдікке тиесілі қызметтік көліктердің барлығын тұраққа қойғызған. Сондай-ақ, машиналардың мемлекеттік нөмірін шешіп, есіктерін мөрлеп тастапты. Ал, жүргізушілерді демалысқа жіберген. Сөйтіп, қалалық әкімдіктің басшы құрамы жұртпен бірге аялдамада автобус күтіп жүр. Дегенмен, әкімнің бұл бастамасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі қолдап жатса, енді бірі көзбояушылық,- дейді. Тіпті сәтсіз шыққан PR,- деп сөккендерде болды.

18_10_2-7-mp4_snapshot_00-08_-2017-10-18_12-37-14

Әкімнің орынбасарлары мен бөлім басшыларының қажетіне жараған мына машиналар енді бір ай осында тұратын болады. Қала басшысы қарамағындағылар ебін тауып қызметтік көлікті пайдаланбауы үшін мемлекеттік нөмірлерін шешіп алыпты. Жүргізушілерді демалысқа жіберіп, қарауыл қойған. Дайын көлікке үйреніп қалғандар үшін бұл жағдай аздап қиындық тудырып жатқан сыңайлы. Мәселен, 103 бағытпен қатынап жүрген Гүлжан Құрманбекова, ешқандай проблема көрмепті.

Гүлжан ҚҰРМАНБЕКОВА, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

– “Мен кеше 8:20 міндім. Ешқандай проблема көрмедім. Автобус уақытымен жүріп жатыр. Тек аялдамаға келгенде кондукторлар дауыстап айқайлайды”.

Қала әкімінің тағы бір орынбасары Тимур Баймұқанов үшін қоғамдық көлік таңсық емес. Ол демалыс күндері үнемі автобуспен жүремін,- деп ағынан жарылды. Сондай-ақ, бұл ешқандай көзбояушылық емес,-дейді.

17_10_2-12-mp4_snapshot_02-11_-2017-10-17_17-56-37

Тимур БАЙМҰҚАНОВ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

– “Көзбояушылық емес. Өзіміздің қаламыз, өзіміздің еліміз. Былай қарап тұрсаңыз бұл жұмысымыз. Азаматтық борышымыз”.

Сағат кешкі 7 -ден асқанда Ғабидолла Әбдірахымов төбе көрсетті. Көшеде емін-еркін серуендеген қала мэрі тілшілердің өзін күтіп тұрғанын байқамай қалды. Сөйтіп, қымбат джиптен автобусқа не үшін отырғанын баяндай бастады.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

– “Егер мемлекеттік қызметкер автобуспен жүремін десе, мен қарсы емеспін. Бірақ, бір ұсыныс неге жастар велосипедпен жүрмейсіңдер. Велосипед рахат қой. Тегін… с ветерком… Денсаулыққа пайдалы”.

18_10_2-7-mp4_snapshot_01-16_-2017-10-18_12-38-10

Әр сөзі хитке айналатын Шымкенттің әкімі қайрымдылық жасапта бірнеше рет көзге түскен еді. Ғабидолла Рахматоллаұлы қызметтік көліктің жанармайынан үнемделген ақшаны төменгі сатыдағы мамандарға сыйақы ретінде үлестіріп бермек.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі: 

– “Мен әлеуметтік желіден оқып жатырмын. Олардың айлығын біздікімен бірдей қылу керек,- дейді. Бәрі білсін бөлім басшылары мен қарапайм қызметкерлер 60-70 мың теңге алады. Ары кетсе 100 мың теңге. Вот и все”.

Расыменде, әлеуметтік желіде Шымкент әкімінің бұл әрекеті қызу талқылануда. Бірі жақтап екіншісі даттап жатқан бастаманың қаншалықты баянды болатыны бір айдан кейін білгілі болмақ.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*