Басты » Қоғам » ҚАЛА ӘКІМІ КОМАНДАСЫН ҚОҚЫСПЕН КҮРЕСЕМІЗ ДЕП ҚУАНТТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ КОМАНДАСЫН ҚОҚЫСПЕН КҮРЕСЕМІЗ ДЕП ҚУАНТТЫ

Үш күн жұмысына қоғамдық көлікпен қатынаған қала әкімі алғашқы олқылықтарды анықтапты. Автобус ішінде кондукторлардың айғайлауын ерсі көрген Ғабидолла Әбдірахымов осы салаға жауаптылардан бұл мәселені шұғыл шешуді тапсырды. Ол қажет болса бюджеттен ақша бөліп, тіпті тәртіпке көнбегендерді жазалу керек,-деп сөзін түйіндеді. Бұдан бөлек, қалалық әкімдік тозығы жеткен аялдамаларды мемлекет меншігіне қайтаруды қолға алмақ.

18_10_2-18-mp4_snapshot_00-54_-2017-10-18_18-24-17

Білдей басшыларды қызметтік көлігінен айырған қала әкімі өзіде үш күннен бері автобусқа мініп жүр. Шымкентті Лас Вегасқа айналдырамын деп күллі жұртты аузына қаратқан Ғабидолла Рахматоллаұлы сол уәдесін орындауға кіріскен сыңайлы. Ел қатарлы аялдамада қоғамдық көлік күтіп, қаланың күйбең тіршілігіне халықтың көзімен қараған әкім бұрын байқалмаған бірнеше мәселені анықтапты. Айтуынша, біздегі аялдамаларда шетелдегідей қаланың картасы мен қай бағытта автобустар қатынайтынын білдіретін кесте жоқ. Бөлім басшыларына бірінші кезекте осы кемшілікті жою тапсырылды.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

– “Сіздерге 8 апта уақыт бердім ғой. Сол уақыт ішінде кесте жасаңыздар әдемі қылып. Лупамен қарайтындай емес. Сосын аспанға іліп қоймаңыздар сатымен көретіндей қылып”.

Бұл олқылықтың орнын толтыру жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына жүктелді. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде Қуатжан Жұматаев әрбір аялдамаға автобустың жақындағанын білдіретін құрылғы орнатуы керек. Бұл жоба жүзеге асса, тұрғындар смартфонның көмегімен қоғамдық көліктің қозғалысын бақылай алады. Айтылған ескертулерді мұқият тыңдаған бөлім басшысы, өзініңде қол қусырып қарап отырмағанын аңғартты.

18_10_2-18-mp4_snapshot_02-27_-2017-10-18_18-24-41

Қуатжан ЖҰМАТАЕВ, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: 

– “Жолаушылар тасымалдайтын компанияның басшыларымен жиналыс өткіздім. Оларда жеке көліктерін тастап, өздері қызмет ететін бағыттарда автобуспен жүр. Оларда көрсін проблемаларды. Сосын өзіміздің әріптестеріміз ғаламтор арқылы жіберіп жатыр. Біраз мәселе бар”.

Шымкентке әкім болғалы велосипедпен жүріп көзге түскен шаһар басшысы, келер жылы қалада арнайы жол салмақ. Сөйтіп, автобустағы жолаушылар санын азайтамыз,-дейді.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

– “Биыл асықпайық. Келесі жылы арнайы веложолақ саламыз. Өйткені тротуармен жүру қауіпті. Адам көп”.

Жолаушылар тасымалындағы кемшіліктерді жоюға білек сыбана кіріскен қала билігі биыл осы мәселені шешіп тастауды көздеп отыр. Ал, келер жылы жаңашылдыққа жаны құмар Ғабидолла Әбдірахымов қоқыспен күресеміз,-деп командасын қуантты.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*