Басты » Медицина » ОҢТҮСТІКТЕ АРТЫҚ САЛМАҒЫ БАР ЖАСТАР КӨБЕЙГЕН

ОҢТҮСТІКТЕ АРТЫҚ САЛМАҒЫ БАР ЖАСТАР КӨБЕЙГЕН

Қазақ тағамтану академиясы Оңтүстік жұртшылыған дұрыс тамақтануға шақырды. Аталған академияның нутрициологы әсіресе жастар арасында сұранысқа ие фасфудтар мен, газды сусындардың зиян екенін айтып дабыл қағып отыр. Себебі, ағзаны улайтын тағамдардың кесірінен елімізде аурушаң адамдар саны көбейген.

18_10_2-14-mp4_snapshot_00-52_-2017-10-18_18-50-05

Астанадан арнайы келген тағамтану академиясының нутрициолгы күнгейліктердің тамақтану әдісіне көңілі толмайды екен. Себебі, соңғы кездері түрлі ауруларды қозыратын фасфуд, жеңіл тамақтарды пайдалануға әуес тұрғындардың арасында артық салмақ, қатерлі ісік ауруларына ұшырайтындар саны көбейген. Дұрыс тамақтануды үгіттеуге келген маман Оңтүстік өңірі жеміс жидек пен табиғи ағарғанға бай бола тұра халықының не себепті зиянды тамақтануға әуес екеніне таң.

Ардақ Чуенбекова, Қазақ тағамтану академиясының нутрициологы:

– «Сіздің өңіріңіз керемет өңір. Жан жақты. Көкөніс пен жемістердің алуан түрлісі бар. Сүт десеңіз сүт бар, ашыған сүт өнімдері осы өңірде көп шығарылып жатыр. Ақ ет күрке тауық еттері мол. Осы байлықтың ортасында отырып қай қайдағы зиянды заттарды, керек емес рафинадталған өнімдерді тұтыну еш қисыңға келмейді».

18_10_2-14-mp4_snapshot_01-21_-2017-10-18_18-50-25

Ел тұрғындарының денсаулығына келтірілген мәліметтер мәз боларлықтай емес. Себебі, 18 жастан жоғары азаматтар арасында артық салмақ 33 пайыздан асқан. Ал, тоғыз жастағы балалар арасындағы көрсеткіші 12 пайыз. Мамандар дұрыс тамақтанбаудың кесірінен қатерлі ісік, жүрек қан тамыр аурлары секілді онға жуық ауруларды атап берді. Бұл әсіресе мектеп жасындағы балалар үшін қауіпті.

Ардақ Чуенбекова, Қазақ тағамтану академиясының нутрициологы:

– «Артық салмақ пен семіздіктің көрсеткіші әлемдік статистика бойынша 44 пайызы семіздік, 23 пайыз жүрек ауруларын арттырады, 42 пайыз қатерлі ісік ауруының дамуын арттырады. Артық салмақ деген сөз әр адам өмір сүру ұзақтығын 7 жылға қысқартады» .

18_10_2-14-mp4_snapshot_02-54_-2017-10-18_18-53-08

Ал, мұндай көрсеткіш Оңтүстік өңірінде де мәз боларлық жағдайда емес. Облыс тұрғындарының 30 пайыздан астамы артық салмақтылықтың азабын тартуда. Оның себебін анықтауға кіріскен мамандар тұрғындар арасында сауалнама жүргізген. Өңір тұрғындарының 9 пайызы күніне бір ақ рет ыстық тамақ жесе, 12 пайызы екі рет әлденетіндерін айтқан.

Айгүл Иманалина, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары:

– «Қазіргі кезде тамақтандыру мәселесі түрлі себептерге байланысты бірінші кезекте болып отыр. Аурушаңдыққа әсерін тигізіп отыр. Салауатты өмір салтын ұстану Елбасының стратегияларының өзінде бірінші мәселеге қойылған».

Алматы қаласындаға кейбір мектептер асхана мәзіріне көкөніс, бал секілді тағамдарды қоса бастаған. Ал Оңтүстік өңірі бұл қадамды алдағы уақытта қолға алады. Мектеп асханасының мәзіріне қосымша тағамдар енгізу қажеттігін Тағамтану академиясы білім және ғылым министрлігіне ұсынған.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*