Басты » ТКШ » ОРТАЛЫҚ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛМАҒАН ТҰРҒЫНДАРМЕН КҮРЕС БАСТАЛДЫ

ОРТАЛЫҚ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛМАҒАН ТҰРҒЫНДАРМЕН КҮРЕС БАСТАЛДЫ

«Су ресурстары маркетингінің» қыруар қаржыға салған кәріз жүйесі керексіз болып қалды. Себебі қала жұрты құны қымбат болғандықтан орталық жүйеге қосылғысы келмейді. Әсіресе, жеке үйлер жаппай бас тартып жатыр. Ал, «Су ресурстары маркетингі» жеңілдік жасауға дайын. Тіпті, қосылуға кететін 150-180 мың теңгені халық бір жылға бөліп төлесе болады,-деп шыр-пыр болуда. Бірақ, оған қызығушылық танытып жатқан тұрғындар аз екен. Сондықтан мекеме басшысы Анарбек Орман қала әкімінен көмек сұрады.

19_10_2-3-mp4_snapshot_00-58_-2017-10-19_10-13-28

Миллиондаған ақшаға тартылған құбырлар қазір кәдеге аспай тұр. Анарбек Орман мырза қала әкіміне осылай,-деп шағымданды. Сөйтіп, кәріз жүйесіне қосылуға құлық танытпағандардың тізімін оқи бастады. «Су ресурстары маркетингі» басшысының берген мәліметіне сүйенсек орталық жүйені керексіз қылғандар жеке үйлер екен. Мәселен жоспар бойынша Қайтпас шағын ауданында 6800 үй қосылу керек болған. Бірақ, белсенділік танытқан тұрғындардың саны 35-ке әрең жетіпті.

Анарбек ОРМАН, «Су ресурстары маркетингі» ЖШС басшысы:

– “Самал- 2 шағын ауданында сметаның құны 729 млн теңге. Қазір құрылыс бітті. 2895 абонент қосылуы керек еді. Қосылғаны бар-жоғы 25 үй. Ал, Самал-3 -те 477 млнға орталық кәріз жүйесі тартылды. Жоспар бойынша 3100 үй қосылуы керек еді. Қосылғаны 20”.

Тұрғындардың орталық кәріз жүйесіне қосылмауының кесірінен, қоршаған ортаға зиян келіп жатыр,-дейді маркетинг басшысы. Оның айтуынша жеке секторда тұратындар септик қазып, қалдық суды сонда төгуді әдетке айналдырған.

19_10_2-3-mp4_snapshot_01-15_-2017-10-19_10-13-05

Анарбек ОРМАН, «Су ресурстары маркетингі» ЖШС басшысы:

– “Кәріз жүйесіне қоспайтын болсақ, көптеген адамдар септигін машинаға артып алып, қаланың бұрыш-бұрышына төгіп жатыр. Бұл жағдай санитарлық нормағада, экологиялық нормағада сай келмейді. Сол үшін осыған жауапты басқармалардың басшыларына өтініш айтамын. Осы жағдайды назарға алыңыздар”.

Мекеме басшысын мұқият тыңдаған Ғабидолла Әбдірахымов аудан әкімдерін бұл мәселемен белсене күресуге шақырды. Әр көшеге бір маман тағайындап, күндіз-түні халық арасында үгіт-насихат жасасын,-деп тапсырма берді. Ал, тәртіпке көнбегендерді айыппұлмен жазалайық,- деп ұсыныс айтты.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент қаласының әкімі:

– “Кеп тұрған нәрсені қосып алу керек қой. Алда қыс келе жатыр, қиын болады. Сондай-ақ бұл ақша Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен берілген ақша”.

Сондай-ақ, «Су ресурстары маркетингі» жеңілдік жасамақ. Олар қосылуға кететін қаржыны тұрғындардың бір жылда бөліп төлеуіне болады,- дейді.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*