Басты » Қылмыс » СУДЬЯ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАРҒА ҮКІМДІ МЕКТЕПТЕ ШЫҒАРДЫ

СУДЬЯ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНДАРҒА ҮКІМДІ МЕКТЕПТЕ ШЫҒАРДЫ

10 дерек бойынша істі болған екі азаматқа халық алдында үкім шықты. Қаратау ауданының тұрғындарына миллиондаған шығын келтірген ұрлықшылар жәбірленушілерден кешірім сұрап, жазаға тартылды. Көшпелі сот отырысын, мектептердің бірінде өткізген Қаратау аудандық соты қос азаматты бас бостандығынан айырды.

20_10_2-7-mp4_snapshot_00-50_-2017-10-20_18-13-58

Өз көршілерінің бағалы заттарын тонап, қан жылатқан екі азаматтың бірі 1994 жылы туылған Ерлан Атамбеков. Ал сыбайласы 25 жасар Дархан Түктібаев. Бұл екеуі келісе отырып, Қаратау ауданына қарасты бірқатар үйлерге ұрлыққа түсіп, қолды болған заттарды төмен бағада сатып отырған. Түскен қаржыны өз қажеттіліктеріне жаратқан. Айта кету керек, екі сотталушы да бұған дейін істі болған екен. Мәселен, Дархан өзге біреуге жарақат салғаны үшін шартты түрде сотты болса, екіншісі ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

– «ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлігімен 1 және 3 тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалған. 2 наурыз 2017 жылы Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының қаулысымыен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты, рақымшылық жасау туралы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 2 бабы, 3 бөлігі, 1 ші тармақшасының негізінде жазадан боасатылған».

Талай жұртты сан соқтырған азаматтар, қателігін енді түсінсе керек, халық алдында кешірім сұрап, істеген қылмыстары үшін өкінетінін жеткізді. Сондай ақ, бұған дейін ұрланған заттарын иелеріне қайтарып, кешірімін алған. Осыған байланысты, оларға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

20_10_2-7-mp4_snapshot_00-11_-2017-10-20_18-13-48

– «Сотталушы Ерлан Елікбайұлы Атамбеков ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушы Дархан Түктібаевқа тағайындалған жаза қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздігі мекемесінде белгіленсін».

Бұған дейін де, Қаратау аудандық соты, 6 рет көшпелі сот отырысын өткізіп, сотталушыларға жаза тағайындаған. Мәселен, тәртіп сақшысы пара алғаны үшін әріптестерінің алдында сотты болған.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*