Басты » Мәдениет » ОҢТҮСТІК ЖҰРТЫ ИРАН ЕЛІНІҢ ӨНЕРІНЕ ТӘНТІ БОЛДЫ

ОҢТҮСТІК ЖҰРТЫ ИРАН ЕЛІНІҢ ӨНЕРІНЕ ТӘНТІ БОЛДЫ

Шымкентте „Иран мәдениеті мен әдебиетінің апталығы„ басталды. Айырықша шараға Иран халқының салт-санасы, әдет-ғұрпы кеңінен насихатталып, бұрын соңды күнгейделіктер көрмеген туындылары ұсынылды. Ұлттар арасындағы байланысты нығайтатын шараға тұрғындардың қызығушылығы басым болды.

25_10_2-8-mp4_snapshot_00-13_-2017-10-26_11-28-30

Ресми санақ бойынша, Қазақстанда 46 мыңға жуық Иран халқы тұрады. Оның 80 пайызы Оңтүстік өңірінде қоныстанған. Иран этно-мәдени орталығы төрағасының айтуынша, олардың барлығы дерлік мемлекеттік тілді жетік меңгерген. Қазақстанның салт-дәстүрі, әдет ғұрпын насихаттауға да өзіндік үлесін қосады. Сондықтан болса керек, еліміз бойынша Иран этно — мәдени орталығы күнгейде ғана ашылған. Ол, өз жұмысын 1997 жылы бастаған. Қазіргі таңда Иран халқының салт-санасын жоғалтпай, насихаттайды.

Шейх Зейнеддин, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы өкілі:

– «Оңтүстікте ирандықтар көп тұрады. Менің ойымша, жергілікті тұрғындар да иран халқының өнеріне қызығушылық танытады. Бұл тұрғыда мен күнгейліктерге арнап, қызықты кітаптар әкеліп, кітапханаға бермекпін».

Көпұлтты халқы бар өңірде әрбір этно-мәдни орталық, Шымкентте апталығын өткізеді. Енді, Иран халқы да күнгейліктерді әдебиеті, мәдениетімен таныстырды. Көрмеге 13 ғасырдан жеткен каллиграфия, суреттері қойылған.

25_10_2-8-mp4_snapshot_01-25_-2017-10-26_11-28-44

Ұлттар арасындағы достықты нығайтып, байланысты еселейтін шараға жиналғандардың қарасы көп болды. Олардың басым көпшілігі, мектеп оқушылары. Жаңашылдыққа құмар жандар, Иран елінің ақын-жазушыларының еңбектерімен танысып, дүние танымын кеңейтті.

Дана Мамырхан, оқушы:

– «Маған Омар Хайямның туындылары қатты ұнайды. Қолым қалт еткенде аудармаларын оқимын. Себебі, оның әр туындысы өмірден алынғандай. Барлығы қазіргі тіршілікті баяндайды. Бұл шарадан бұрын соңды көрмеген оқулықтарға қол жеткіздім».

Шымкент — Иран мәдениеті мен әдебиетінің апталығы дәстүрлі түрде өтетін, этно-мәдени орталығы ашылған еліміздегі жалғыз қала. Алдағы уақытта көрменің ауқымы кеңейіп, жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Таңшолпан АРМАНҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*