Басты » Мәдениет » ЖУЫРДА “КӨНЕ ЖЕТІГЕННІҢ СЫРЫ” КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ

ЖУЫРДА “КӨНЕ ЖЕТІГЕННІҢ СЫРЫ” КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТАДЫ

Шымкентте шетелдіктерді таңырқататын туынды түсіріліп жатыр. ” Сақ” киностудиясы қолға алған шығарма “Көне жетігеннің сыры” деп аталады. Түсірілім топ 6 айдан бері міз бақпай күнгейдің көрікті, тарихы тұнған жерлерін таспалап жүр.

25_10_2-1-new-mp4_snapshot_00-00_-2017-10-26_11-39-33

Оңтүстік – тамаша табиғаты, тарих қойнауына бай теңдесіз өңір. «Сақ» киностудиясы күнгейдің сұлу жерлерін туынды арқылы танытып, насихаттамақ. Оқиға желісі бойынша, жол жөндеп жүрген эксковаторшы, айырықша үлгідегі қапшықты тауып алады. Ашып қараса, жетіген аспабы шығады. Алайда, оның 7 асығы күнгейдің əр түкпірінде жасырылған.

25_10_2-1-new-mp4_snapshot_00-53_-2017-10-26_11-39-48

Туындының түсірілімі мамыр айында басталған. Шығармашылық топтағы 100-ге жуық адам киноның сəтті шығуына тер төгіп жүр. Жобаға облыс қазынасынан 60 млн теңге бөлінген.

“Көне жетігеннің сыры” 2 үлгіде көрерменге жол тартады. Алғашында, туынды 1,5 сағатқа ықшамдалып желтоқсан айында кинотеатрларда көрсетіледі. Кейіннен, көлемін ұлғайтып, 13 сериалды туынды отандық арналалардан халыққа ұсынылады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*