Басты » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін, Шымкентте қойдың еті 900 теңгеден сатылды. Ал, көкөніс, жеміс-жидектің құны 30 пайызға дейін төмендетілді. Қала тұрғындарының көңілін қуантқан жеңілдік, „Агрофест„ ауыл шаруашылығы фестивалі аясында ұйымдастырылды.

26_10_2-13-new-mp4_snapshot_02-46_-2017-10-26_19-53-36

Биыл, Оңтүстік дәнді-дақылдарды жинау науқанының сәтті аяқтады. Тынымсыз еңбектің арқасында бидай мен арпаның әр гектарына 18 центнерден өнім алып, қамбаны 400 мың тоннаға жуық астықпен толтырды. Сондай-ақ, 116 мың тонна жеміс-жидек, 919 мың тонна көкөніс, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады. Бағбандар тамшылатып суару әдісін 7500 гектарға ендіріп, жалпы көлемін 58 мың гектарға жеткізді. Бұл республикалық үлестің 72 пайызын құрады. Бұл туралы, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауылшаруашылық саласының мамандарына алғыс айта, мәлімдеді.

26_10_2-13-new-mp4_snapshot_00-22_-2017-10-26_19-53-43

Өңірде тұңғыш рет өткізілген „Агрофест„ фестивалі аясында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараға облыстың 15 аудан — қаласы өз өнімдерін ұсынып, нарықтағы бағадан 30 пайызға төмендете сатты. Қазығұрт ауданы жәрмеңкеге 5 тонна ет өнімдері мен 1 тонна жеміс – жидек әкелді.

Қала тұрғындары таңертеңнен жәрмеңкеге жетуге асықты. Себебі, мұндағы баға қалтаға қонымды. Мәселен, қой еті 900 теңгеден сатылса, картоп 55 теңгеге дейін төмендетілді. Ауқымды шара аясында дәстүрлі әндер шырқалып, ұлттық ойындар ел назарына ұсынылды.

Таңшолпан АРМАНҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*