Басты » Медицина » ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ ҚАУІПТІ АУРУДЫ ЕМДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫ САТЫП АЛДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ ҚАУІПТІ АУРУДЫ ЕМДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫ САТЫП АЛДЫ

Жан сақтауға арналған жаңа құрылғы. Облыстық клиниалық ауруханасы ми құрылыстарына ота жасауға болатын жаңа технологияға қол жеткізді. Еуропадан әкелінген аппаратпен жылына 1000 науқасқа дейін ота жасалады. Сондай ақ, аурухана шалғай ауылдардағы науқастарды шұғыл жеткізетін санавиациялық көліктермен толықты.

27_10_2-12-mp4_snapshot_00-20_-2017-10-27_19-36-51

Адам өміріне қаупті аурулардың бірі инсулть. Дәрігерлердің айтуынша, инсультке шалыққандардың 80 пайызы жұмысқа деген қабілеттілігін жоғалтады. Тіпті, бұл дерт өлімге алып баратын аурулардың ішінде 3-ші орында тұр. Енді бұл қауіпті аурулардың санын азайтуға мүмкіндік туып отыр. Оған Нидерландыдан жеткізілген мына құрылғылардың көмегі мол.

Мұхан ЕГІЗБАЕВ, ОҚО ДСБ басшысы:

– «Миға да осында операция жасай береді. Екіншіден инсульт болған аурулардың барлығына түскенде 30 милилитрден артық қан құйылған болса, мидың жарылған сосудтарын орнына келтіретін оталарды осында жасауға болады. Инсульт болған ауруларды тезірек өмірге алып келуге, өмірін сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді».

27_10_2-12-mp4_snapshot_01-38_-2017-10-27_19-37-08

Ауруханының санавиация бөліміне 4 көліктің кілті табыс етілді. Жаңа реанимациялық көліктердің екеуі 1 айға толмаған сәбилерді ауруханаға жеткізумен айналысса, екеуі ересектерге арналады.

Еркін НҰРЛЫХАНОВ, Облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

– «Жалпы санавиация бөлімінде 10 көлік бар. Оның үшеуі балалрға арналған. Қалғаны ересектерге. Санавиацияның қызметі алыс аудандардағы науқастырды ауруханаға жеткізу».

Облыс бойынша жылына 5000- ға жуық науқас санавиация қызметіне жүгінеді екен. Оның арасында жас балалардың саны басым. Денсаулық сақтау басқармасы мұндай көліктерді он жылда бір рет ауыстырып отырады. Жаңа технология мен осы көліктерге облыстық бюджеттен 1 млрд 200 мың теңге бөлінген.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*