Басты » Қылмыс » 21 ЖАСАР АЗАМАТ ЕСІРТКІМЕН ҚОЛҒА ТҮСТІ

21 ЖАСАР АЗАМАТ ЕСІРТКІМЕН ҚОЛҒА ТҮСТІ

21 жасар азамат есірткімен қолға түсті. 26 қазан күні Экономикалық тергеу қызметінің мамандары Қазығұрт кеден бекетінде Тараз қаласының тұрғынын құрықтады.

27_10_2-16-mp4_snapshot_01-04_-2017-10-27_19-49-39

Ол жалпы салмағы 30 граммнан асатын „конабис шайыры „ деп аталатын есірткі затын киім – кешегіне жасырып алып өтпекші болған. Алайда, күдіктінің арам ойы жүзеге аспады. Айта кету керек, егер ұсталған азаматтың қылмысы дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ.

Жыл басынан бері Экономикалық тергеу қызметінің мамандарымен бірге есірткі контрабандасының 38 дерегі тіркелген. Нәтижесінде, 537 граммнан астам есірткі заты тәркіленген. Оның ішінде 30 адам астамы Өзбекстан елінің азаматы.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*