Басты » Қылмыс » ЖАСӨСПІРІМДІ АТЫП ӨЛТІРГЕНДЕР СОТТАЛЫП КЕТТІ

ЖАСӨСПІРІМДІ АТЫП ӨЛТІРГЕНДЕР СОТТАЛЫП КЕТТІ

15 жасар баланы атып өлтірген күдіктілер абақтыға жабылды. Бүгін ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 азаматтың ісі қаралып, шешім шықты. Бірі 16 жылға темір торға тоғытылса, екеуі 6 жылдан арқалады. Алайда, сотталушылардың туыстары сот процесі біте салып, залда шу шығарды.

27_10_2-15-mp4_snapshot_01-38_-2017-10-27_19-58-07

Өзара жанжалдың салдарынан суық қару кезенгендер 2002 жылғы баланың өмірін ойран еткен. Тергеуде анықталғандай күдіктілер, травматикалық және бытыралы қарудан оқ атқан. Салдарынан, 15 жасар бала көз жұмып, дене жарақатымен 18 және 22 жастағы екі азамат ауруханаға түскен. Алайда, олардың жарақаты жеңіл болғандықтан, амбулаториялық ем қабылдауға шығарылған. Бүгінде, күдікті 4 азаматтың 3 -еуі абақтыға жабылды. Соның бірі 26 жасар Вазир Сүлейменовке ҚР ҚК 5 бабымен айып тағылып, 16 жылға сотталды. Ал отбасылы Поликов Анатолий мен Орынбасар Орынбаев қылмыстық кодекстің 3 бабымен кінәлі деп танылып, 6 жылға темір торға тоғытылды.

27_10_2-15-mp4_snapshot_01-22_-2017-10-27_19-56-54

«ҚР ҚК 58 баптың 3 бөлігін басшылыққа ала отырып, Орынбаев пен Поликовке түпкілікті 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтесін».

Сот процесі аяқталысымен ақ, сотталушылардың туыстары шу шағырып, тағайындалған жазамен келіспейтіндіктерін жеткізді. Тіпті, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне қол көтеріп, сотталушылармен сөйлестіруді қалады.

Естеріңізде болса,қайғылы жағдай Ворошиловка елді мекенінен 9 наурыз күні кешкі сағат 5 тер шамасында орын алған. Атыс қаруынан жарақат алған баланың мәйіті, Орынбаев атындағы жеке ауруханаға жеткізілген болатын. Оның денесін куәгерлер алып келген еді. Алайда, бала жол бойында жан тапсырған.

Айта кетейік, осы кісі өлімі бойынша 4 азаматқа айып тағылған. Алайда, 4 айыпталушы, яғни, күдікті деп танылған Құрманбеков Шағман есімді азамат әлі күнге қолға түспей отыр.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*