Басты » Қоғам » “АСТЫҚ-ТРАНС” ВАГОН ТАПШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

“АСТЫҚ-ТРАНС” ВАГОН ТАПШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Бидайдың жетіспеуінен Оңтүстіктегі бірқатар кәсіпорындар бүгін жұмысын тоқтатты. Ал, кейбірі қордағы соңғы шикізатты өңдеп жатыр. Вагон мәселесі бір-екі күнде шешілмесе, ірі зауыттарда уақытша жабылып қалады. Күңгейдегі кәсіпкерлердің мәселесіне қаныққан «Астық-Транс» басшылығы Астанадан Шымкентке шұғыл жетті. Компания президенті Рамазан Айғайбеков өңір кәсіпкерлерімен меморандумға отырып, мәселе жуық арада шешілетін болды.

30_10_2-12-mp4_snapshot_00-00_-2017-10-30_16-21-41

Қазір, облыстағы ұн өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі «Алтын Дән» зауыты 50 пайыз қуаттылығында жұмыс жасап тұр. Себебі, қамбадағы бидай қоры таусылуға шақ қалған. Күні кеше тағы 20 вагон шикізат тасымалданыпты. Бірақ, оның өзі небәрі үш күнге жетеді екен. Егер жуық арада мәселе оң шешілмесе, зауыттың толығымен тоқтап қалу қаупі бар.

Болат БИСЕНБАЕВ, «Алтын Дән» ЖШС директорының орынбасары:

– «Бірінші диірменнің тоқтап тұрғанына бір ай болды. Екінші диірмен тоқтайын деген кезде кеше 20 вагон бидай келді. Ал, оның алдында екі апта мүлдем бидай болған жоқ».

30_10_2-12-mp4_snapshot_00-13_-2017-10-30_16-21-51

Аталған проблема облыстағы 50-ден астам зауытты тығырыққа тіреп отыр. Жұмыссыз қаламыз,-деп шырылдаған кәсіпкерлер транспорт мәселесін өз бетінше шешуге тырысқан Бірақ, вагон таппай екі ай сандалыпты. Ақыры нәтиже шықпағасын биліктен араша сұрауға мәжбүр болдық,-дейді.

Бахарам АБДУКАРИМОВ, «Алтын Дән» ЖШС басшысы:

– «Менің ойымша атаалған проблема жоғарыға жетті. Қазір көріп отырсыздар жұмыстар жасалынып жатыр. Бірақ, нақты нәтиже жоқ. Көреміз енді бұл мәселе қалай шешілетінін».

30_10_2-12-mp4_snapshot_01-38_-2017-10-30_16-22-06

Мәселе расыменде жоғарыға жеткен сияқты. Өйткені, тасымалға жауапты «Астық-Транс» компаниясының президенті Шымкентке арнайы келді. Жергілікті кәсіпкерлермен кездескен Рамазан Айғайбеков, вагондар жуық арада жолға шығатынын айтты. Сондай-ақ, ол Ақтау портында біраз уақыттан бері жүктің түсірілуін күтіп тұрған мыңдаған вагонның жұмысы ретке келтірілгенін мәлімдеді. Ал, тағы мың вагон Ресей Федерациясы мен Орта Азияда отандық тауарды экспорттап жатыр,- дейді.

Рамазан АЙҒАЙБЕКОВ, «Астық-Транс» президенті:

– «Менің бұл жерге келгендегі мақсатым, сіздермен меморандум түзгім келеді. Екіжақты жауапкершілікті жауапкершілікті бекітіп, бірге жұмыс жасайық. Мен сіздерге уәде беремін. Қараша, Желтоқсан айларында сіздердің тапсырыстарыңыз бұрынғысынша қабылданады. Сондай-ақ сіздің өңірде бидай тасымалына қатысты проблема болмайды».

Жиынға кәсіпкерлер мен теміржол басшылығынан бөлек, облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамаловта қатысты. Сөйтіп, астық тасымалындағы қиындық үш жақты талқыланып, тараптар ортақ келісімге келді. Ал, нәтижесі қалай болары алдағы уақыттың еншісінде.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*