Басты » Қылмыс » 6 АДАМ ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫМЕН АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

6 АДАМ ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫМЕН АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Алты бірдей азамат пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Оқиға 27 қазан күні кешкі сағат 8 шамасында орын алған. Келіп жеткен ақпаратқа сүйенсек, 22 және 33 жас аралығындағы жігіттердің арасында жанжал туындаған. Кейін ортақ мәмілеге келе алмаған тараптар төбелесе кеткен. Олар мәселені түбегейлі шешу үшін бірін-бірі пышақтаудан тайынбапты. Сөйтіп, жаппай жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілген.

30_10_2-13-mp4_snapshot_00-08_-2017-10-30_16-29-29

Сәбит БАЙБОСЫНОВ, Шымкент қалалық ЖЖА қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

– «Бірінші науқастың екі өкпесіне пышақ тиген. Оған шұғыл ота жасалып, өкпесінің тесілген жерлері тігілген. Ал, екін науқас жүрек тұсынан жарақат алған. Оныңде екі өкпесіне зақым келген. Оғанда шұғыл ота жасалды».

Тағы бір науқас ішінен ауыр жараланған. Оғанда ота жасалып, қазір тиісті емін алуда. Ал, жеңіл жарақаттанған үш науқас, алғашты медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне жіберілген. Қазір аталған іс бойынша ОҚО ІІД ресми хат жолданды. Оқиғаның жай-жапсары тәртіп сақшыларының ресми мәлімдемесінен кейін белгілі болады.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*