Басты » Қылмыс » ЖҮРЕК ТҰСЫНАН ПЫШАҚТАЛҒАН ЖІГІТ, ЖАНЖАЛДЫҢ НЕДЕН ШЫҚҚАНЫН АЙТТЫ

ЖҮРЕК ТҰСЫНАН ПЫШАҚТАЛҒАН ЖІГІТ, ЖАНЖАЛДЫҢ НЕДЕН ШЫҚҚАНЫН АЙТТЫ

Рабаттағы төбелес кезінде жүрек тұсынан ауыр жараланған Бақдәулет Үмбетов есін жиды. Сөзіне сенсек, жанжалдың нақты неден шыққанын және кімнің пышақ сұққанын ол білмейді. Науқас тіпті ауруханаға қалай жеткенінде есіне түсіре алмады. Айта кетейік, 27 қазан күні Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында бір топ жігіт төбелесіп, соңында 6 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген еді.

30_10_2-13-mp4_snapshot_00-08_-2017-10-30_16-29-29

Жансақтау бөлімінде жатқан 22 жастағы Бақдәулет Үмбетовтың жағдайы әліде болса ауыр. Себебі, пышақ жүрек тұсын зақымдаған. Сондай-ақ, екі өкпесінеде ота жасауға тура келген. Дегенмен, дәрігерлер оның беті бері қарағанын айтып қуанды. Онымен қоса, науқас есін жиып, тіпті ақ халаттылардың сұрағына жауап беріп жатыр екен.

Сәбит БАЙБОСЫНОВ, Шымкент қалалық ЖЖА қабылдау бөлімінің меңгерушісі: 

– “94 жылғы науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Есін біледі. Сұрақтардың барлығына жауап береді. Қан қысымы бірқалыпты жағдайда”.

Науқас есін жиғанымен пышаққа қалай түскенін айтып бере алмады. Тіпті төбелескендердің кім екенінде танымайтын болып шықты. Тек кешкі уақытта көшеде бір топ жігіттердің жиналып тұрғанын байқап, қастарына барған. Сол кезде аяқ асты жанжал шығып, жігіттер жаға жыртыса кеткен. Жұдырықпен жағдайды реттей алмағандар, ақыры болмағасын бір-бірін пышақтап тастапты.

31_10_2-14-mp4_snapshot_00-38_-2017-10-31_17-33-07

Бақдәулет ҮМБЕТОВ, науқас:

– “Ешкімді танымаймын. Барып қалсам, төбелес басталып кетті. Түн болатын. Не болып жатқанын аңғармадым. Кім- кімді пышақтап жатқанын қайдан білейін. Бір біреуі кезде пышақ сұғып алды. Сөйтіп жерге құладым. Ешкімді танымаймын. Өзім өмірмен арпалысып жатырмын”.

Қазір осы іске қатысты Қазығұрт АІІБ ҚР ҚК 106 бабы «Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» және 293 бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*