Басты » Қоғам » „RBK„ БАНКІ УАҚЫТША ҚАРЖЫЛАЙ ҚИЫНДЫҚҚА ҰШЫРАҒАН

„RBK„ БАНКІ УАҚЫТША ҚАРЖЫЛАЙ ҚИЫНДЫҚҚА ҰШЫРАҒАН

RBK„ банкінде туындаған мәселеге қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банктың Оңтүстіктегі директоры Әнуар Ботанбеков мәлімдеді. Қазан айының басында «RBK» банкі салымшылардың ақшасын алуына ішінара шектеу қойған болатын. Дегенмен, облыстың бас банкирі „RBK„ -ға салынған депозиттерге Ұлттық банк кепілдік беретінін айтып, салымшыларды сабырлы болуға шақырды.

13_10_2-21-mp4_snapshot_00-29_-2017-10-13_18-08-30

Шымкенттегі «RBK» банкінің клиенттері банктен әлі күнге дейін ақшасын аламай әуре сарсаңға салынуда. Ашуға мінген жұртшылық тіпті әлеуметтік желіде жағдайды ешкім түсіндірмеді,- деп шағымдарын жеткізіп отыр. Бүгінде баспасөз мәслихатында өңірдің бас қаржыгері бұл мәселеге қатысты қазір Ұлттық банк келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді. Айтуынша, актив көлемі жағынан ең ірі 10 банк қатарына кіретін «RBK» -да уақытша қаржылай қиындық туындаған.

Әнуар БОТАНБЕКОВ, ҚР Ұлттық Банкі ОҚФ РММ директоры:

– «Ұлттық банк біледі, бұл мәселені. Қазіргі таңда «RBK»-ның акционерлері мен Ұлттық банкпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мәселені қалай шешу жөнінде. Сондықтан ұлттық банк атынан біраз талаптарымыз бар қойылған «RBK»-ға. Олар қалай орындалады. Содан кейін барып, бұл мәселе шешіледі,-деп ойлаймын».

Осыған дейін кәсіпкерлер шымкенттегі «RBK» банкінің алдына жиналып шу шығарған еді. Жұмысшыларына айлық төлей алмай жүрген бизнесмендер басшылардан жауап та ала алмаған.

13_10_2-21-mp4_snapshot_00-26_-2017-10-13_18-07-45

Ұлттық банктің өңірдегі басшысы «RBK» банкінің төңірегіндегі дауға алаңдайтын негіз жоқ екендігін айтады. Өйткені, Ұлттық банк салымшылардың 10 млн теңгеге дейінгі ұлттық валютадағы депозиттеріне кепілдік береді. Ал, шетел валютасындағы кепілдік көрсеткіші 5 млн теңгені құрайды. Бұл шара, сот шешіміне сәйкес, қандайда банк жұмысын тоқтатқан жағдайда іске асады. Дегемен, «RBK» банкі әлі күнге дейін лицензиясы бойынша жұмысын жалғастыруда. Баспасөз мәслихатында есеп берген Әнуар Амангелдіұлы міндетті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоттар саны 9,4 млнды құрағанын мәлімдеді. Ал, төлем соммасы 161,6 млрд теңгеге жеткен. Зейнетақы қоры қалай бақылануда деген сауалға күнгейдің бас қаржыгері былай,- деп жауап берді.

Әнуар БОТАНБЕКОВ, ҚР Ұлттық Банкі ОҚФ РММ директоры:

– «Зейнетақы қоры үкімет тарапынан, ұлттық банк тарапынан, өзінің белгілі бір, айтамыз құнды қағазы болсын депазиттері болсын мөлшерлеме бар. Және ол Үкімет жағынан қадағаланып отырады. Ұлттық банк жағынан белгілі инструменттер дейміз, салатын бар. Соларға ғана саламыз».

Жыл басынан бері ұлттық валютаның көк қағазға қатысты биржалық бағамы 2,4 пайызға әлсіреген. Ал, соңғы бір айдағы көрсеткіш 1,2 пайызды құрап, бір АҚШ доллары 341,19 теңгеге бағаланды. Осылай деген, ұлттық банк өкілі теңге бағамының алдағы уақытта да тұрақты болатынын жеткізді.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*