Басты » Спорт » 4 АЙ ЖАЛАҚЫ АЛМАҒАН ОРДАБАСЫ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ЖАТТЫҒУДАН БАС ТАРТТЫ

4 АЙ ЖАЛАҚЫ АЛМАҒАН ОРДАБАСЫ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ЖАТТЫҒУДАН БАС ТАРТТЫ

Ордабасы футбол командасының ойыншылары жалақыларын 4 айдан бері ала аламай сенделіп жүр. Шыдамы таусылған Ордабасы футболшылары бүгін кезекті жаттығуларына шықпай қалды. Ал, мәселені ушықтырмауға тырысқан команданың бас бапкері жалақыны осы айда болатынын айтып сендірді.

02_11_2-18-mp4_snapshot_00-03_-2017-11-02_19-19-10

4 айдан бері еңбек ақыларын ала алмай шыдамдары таусылған команда ойышылары бүгін наразылық танытты. Айлықтарын ала алмай салы суға кеткен футболшылар тіпті жаттығуға да шықпай қойды. Қарашаның бесі күні Оқжетпес қомандасымен сайысатын оларды жаттығудан гөрі ақша жағы алаңдатып тұр.

Алмат БЕКБАЕВ, Ордабасы командасының қақпашысы:

–  “Біз жаттығудан бас тарттық. Барлығы біледі біз 4 айдан бері жалақысыз жүрміз”.

Ал, бас бапкер болса айлықтың кешігу себебін қажетті қаражатты дұрыс есептей алмағандарынан көріп отыр. Сөзіне сенсек мәселе қараша айында шешіледі.

02_11_2-18-mp4_snapshot_00-41_-2017-11-02_19-18-46

Бақтияр БАЙСЕЙІТОВ, Ордабасы ФК бас бапкері:

– “Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін командаға көптеген легионерлерді алдық. Соның салдарынан клубтың шығындарын дұрыс жоспарлай алмадық. Нәтижесінде ойыншылардың жалақысы сәл кешігіп жатыр. Мәселе қараша айында шешімін табады”.

Футболшылар бұл уәдені кезекті алдаусырату деп түсінеді.

Алмат БЕКБАЕВ, Ордабасы командасының қақпашысы:

– “Жаттығуға шығыңдар деді, бізге айлық екінші қарашада түседі деген. Тағы жоқ. біз сенбейміз. Жалақыны алдағы болатын ойынға дейін тағы күте тұруға тура келеді”.

Бас бапкер ойыншыларымен бір сағатқа жуық оңаша жиналыс өткізді. Алайда ұзақ әңгіме нәтижесіз болса керек, футболшылар жиыннан шыға сала жаттығуға емес үйді үйлеріне тарқасты.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*