Басты » Қылмыс » АУЫЛДАСЫМЕН ЖАҒА ЖЫРТЫСҚАН ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

АУЫЛДАСЫМЕН ЖАҒА ЖЫРТЫСҚАН ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Ауылдасымен жаға жыртысқан полицей ақыры қызметінен қуылып тынды. Онымен қоса, Созақ АІІБ бастығының бірінші орынбасары О.Амандықовтың үстінен ҚР ҚК үш бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ОҚО ІІД ресми хабарлады.

aa551601-mxf_snapshot_05-25_-2017-11-03_17-38-41

– «Негізінде бұл жайт бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда ҚР ҚК» 149 бабы «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» , 362 бабы «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану», 293 бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды».

Тәртіпсіздік жасап көзге түскен тәртіп сақшысының ісін қазір өз әріптестері қарап жатыр. Оқиғаның жай-жапсары толық анықталғаннан кейін 29 жастағы полиция майорын қамауға алу немесе алмау туралы шешім қабылданады. Ал, Созақ АІІБ басшы құрамы қазір уақытша қызметінен шеттетіліпті. Естеріңізде болса, аталған жағдайдың видеосы ғаламторда тарап кеткен болатын.

(Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!)

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*