Басты » Мәдениет » ШЫМКЕНТТЕ “ЖОМАРТ ЖҮРЕК” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ “ЖОМАРТ ЖҮРЕК” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жомарт жүрек„. Шымкентте осындай атаумен кезекті қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Игі шарадан түскен қаржы туа біткен сал дертіне шалдыққан азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың еміне жұмсалмақ. Жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен өткен шараға күнгейдің қолзнершілері де атсалысты.

06_11_2-14-mp4_snapshot_00-06_-2017-11-06_15-47-04

Туылғаннан сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдауға арналған жәрмеңкеге келіп, өз үлестерін қосып жатқан тұрғындар қарасы көп мұнда. Қайырымдылық акциясында еріктілер қолымен дайындалған тағамдар, қолөнер бұйымдары, қазақ ұлттық киімдері сатылымға шығарылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолы игі шара алғаш рет жаңа форматта ауқымды жоба ретінде өткізілді.

Абзалбек УБЕЛЬТАЕВ, «Жастар ресурстық орталығының» басшысы:

– «Дәл бүгінгідей жәрмеңкені ауқымды қылып,бүгін ұйымдастырып отырмыз. Осыған дейін форматы өзгеше қайырымдылық акция өткізетінбіз. Соның бірі Достық мөлтек ауданында мектептен қайырымдылық дүкен аштық. Ол жерге жастар, пайдаланбайтфн киімдерін сол мектепке апарамыз. Сол арқылы қажетті адамдарға таратып беріп жатырмыз».

06_11_2-14-mp4_snapshot_01-00_-2017-11-06_15-46-48

Қайырымдылық шараға Оңтүстіктің кәсіпкерлері мен қолөнершілері де ат салысты. Танымал шебер Болатбек Бейісбеков жәрмеңкеге тоқыма жіптен жасалған қолөнер туындыларын әкелген. Айтуынша, күнгейдің қолөнершілері сауапты іс жасап қана қоймай, олардың жұмысына қызыққан жастарды арнайы оқыту курсынан өтуге шақыруда.

Болатбек БЕЙІСБЕКОВ, қолөнерші:

– «Қолөнер шеберлері өз үлесін қосуға шықты. Бұл жерде біздің шеберлеріміз ата бабамыздың 4 түлік малды толық игерген терімен жұмыс істеу, жүнмен жұмыс істеу, барлық түрінен алып шықты. Бұл жерге келгенімізге көп болмады, бірақ соның өзіне көптеген студентер келіп, оқысақ,- деп жатыр».

«Көп түкірсе көл болар»,- демекші көпшіліктен түскен қаржы алдымен „Бізбен бірге„ қорына аударылады. Содан соң бұл қаражат материалдық көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандар мен сал дертімен ауыратын жастарға берілмек.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*