Басты » Спорт » ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨЗАРА СЫНҒА ТҮСІП ЖАТЫР

ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨЗАРА СЫНҒА ТҮСІП ЖАТЫР

Шымкентте дәстүрлі этномәдени бірлестіктердің спартакиадасы басталды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен спорттық шара үшінші мегаполистегі жеңіл атлетикалық кешенінде өткізілді. Сайыста 5 түрлі спорт түрінен орталық командасы, жүзден жүйрік атану үшін барын салған. Қатысушылардың барлығына арнайы сый-сияпат пен алғыс хаттар табысталды.

06_11_2-7-mp4_snapshot_01-25_-2017-11-06_16-00-55

Ұйымдастырушылардың сөзінше, көпұлтты халық арасында спорттық дода өткізу достық қарым-қатынасты нығайтуға және ішкі тұрақтылықты сақтауға сеп болады. Биылғы жарыс спорттың бес түрінен: жеңіл атлетика, үстел теннисі, шағын футбол, шахмат және арқан тартудан өрбіді. Оған әр түрлі ұлт өкілдерінен жасақталған 11 команда қатысты. Спартакиада барысында этномәдени бірлестіктердің спорттық командалары кәсіби спортшылардан кем түспейтін өнер көрсетті. Додаға жас ерекшеліктері мен мамандықтарына қарамастан әртүрлі жастағы спортсүйер қауым қатысты. Өзбек этномәдени орталығының өкілі Мүслім Шаназаров жарысқа достық қатынасты нығайту мақсатында қатысқанын айтады. Команда мүшелері үшін ең бастысы жеңу емес, шараға белсенді түрде ат салысу, дейді ол.

06_11_2-7-mp4_snapshot_01-08_-2017-11-06_16-00-23

Мүслім ШАНАЗАРОВ:

– «Мұнда келген барлық қатысушының мақсаты жеңу емес. Бір бірімен арласып, жаңа таныстар табу деп ойлаймын. Бәріміз білеміз тек достық қана біздің елімізді үлкен өзгерістерге жетелейді. Ел арасындағы бірлікті сақтап, біз әлемнің 30 ірі дамыған мемлекетінің қатарына ене аламыз. Біз осы спорттық шара арқылы салауатты өмір сүру салтын әрқашан қолдайтынымызды жеткізіп отырмыз.

Жалпы командалық ұпаймен бас жүлдені облыстық өзбек этномәдени бірлестігі қанжығасына байлады. Ал, бірінші орынды славян, екінші орынды чечен-ингуш, үшінші орынды ұйғыр этномәдени орталығы иемденді. Айта кетсек, спорттық доданың жалпы жүлде қоры 500 мың теңгені құады. Спартакиада соңында жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*