Басты » Спорт » 4 АЙ ЖАЛАҚЫ АЛМАҒАН ОРДАБАСЫ ОҚЖЕТПЕСТІ ЖЕҢІП КЕТТІ

4 АЙ ЖАЛАҚЫ АЛМАҒАН ОРДАБАСЫ ОҚЖЕТПЕСТІ ЖЕҢІП КЕТТІ

«Ордабасы» екі бірдей жеңіске жетті. Облысымыздың бас футбол командасы күні кеше Оқжетпесті ұтып, ел біріншілігінде үздік үштікті түйіндеді. Жерлестеріміз бұл жеңіске талайдан бері ұмтылып келе жатқан. Енді команданың қойған мақсаты орындалып, жанкүйерлер арманына қол жеткізді.

06_11_2-13-mp4_snapshot_02-24_-2017-11-06_16-12-16

Команданың биылғы маусымдағы басты мақсаты қола жүлдеге қол жеткізу еді. Көктемнен бері тартысты ойын өрнегін көрсетіп келе жатқан Ордабасының соңғы кездесуі Оқжетпеспен өтті. Матчтың алғашқы таймын шабуылдаумен өткізген жерлестеріміз оңайлықпен қарсыластар қақпасын бағындыра алмады. Ойынның 41-минутында күтпеген жерден Көкшетаулық ойыншы сәтті соққы жасап, есеп ашылды. Осылайша кездесудің алғашқы жартысы қонақтар жеңісімен қорытындыланды. Ал, 51-минутта жерлестеріміз жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады. 33-кезеңдегі алғашқы голын соққан Прислав Иорданов осылайша есепті теңестірді. Араға 5 минут салып оқжетпестік Недашовский Бекбаев күзеткен қақпадан ала допты асыра алды. 1-2 есебімен алда келе жатқан Көкшетаулық команда екінші таймның соңғы жағында артта қалды. Преслав Иорданов бұл жарыстың жарық жұлдызы болды. 80 және 87 минутта қос бірдей гол салған Ордабасы ойыншысы доп додасына жеңіс нүктесін қойып, 3-2 есебімен ел біріншілігін аяқтады.

06_11_2-13-mp4_snapshot_00-00_-2017-11-06_16-13-10

Примьер лиганың маусымдық қорытындысында команда марапатталды. Оларды облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қола жүлдемен құттықтап, федерация президенті медальдар табыстады. Сондай-ақ, жанкүйерлер озық ойыншыларға шапан жауып, кубоктар берілді. Маусымды 58 ұпаймен аяқтаған Ордабасының қоржынында 18 жеңіс, 4 тең ойын және 11 сәтсіз кездесу болған екен. Жалпы, жарыс қорытындысында Астана бірінші орынға шығып, Қайрат екінші орынға тұрақтады. 1 ұпай айырмашылығымен орналасқан командалардан соң Ордабасы үздік үштікті түйіндеп тұр.

Назерке ҮКІБАСОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*