Басты » Қоғам » ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ЖӘРДЕМАҚЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

Елімізде жаңа жылдан бастап жаңа әлеуметтік көмек көрсету жобасы іске қосылады. Көпбалалы және жалғызбасты аналарға қайтарымсыз негізде ақша беріледі. Тек бөлінген қаржыны белгілі бір кәсіпті ашуға жұмсауы тиіс.

07_11_2-10-mp4_snapshot_00-04_-2017-11-07_15-36-32

Бұдан былай, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік және мемлекеттік көмек деген болмайды. Келесі жылдан бастап „Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек„ жүзеге асқалы жатыр. Яғни, жұмыссыз отырған ата-ана бала санына байланысты мемлекеттен қомақты қаржыны ала-алады. Мәселен: 5 балалы жанұяға үкімет 5 жүз мың теңге көмекті ұсынады. Мұндай жеңілдікке өз кәсібін ашуды жоспарлаған отбасыларда қол жеткізе алады. Ең бастысы мемлекеттен берілген бұл ақшалар бюджетке қайтарылмайды.

Айнұр Айтуарова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

– «Шартсыз үйінде асыраушысынан айырылған адамдарға, бала күтіміндегі жалғыз басты аналарға арналған. Оларға жеке кәсіп ашудың, жұмысқа барудың қажеті жоқ. Бөлінген ақшаға мал шаруашылығын, тігін өнеркәсібін дамыту қажет. Бұл да қайтарымсыз негізде».

Қаратау ауданының әкімдігі әлеуметтік көмектің шарттарын түсіндіру үшін көпбалалы аналардың басын қосты. Жиналғандар, жобаның тиімді тұстарын анықтай бастады. Олардың бірі – Севара Батырова. 6 балаланың анасы әлеуметтік көмекке қолжеткізуге ниетті.

07_11_2-10-mp4_snapshot_01-48_-2017-11-07_15-36-45

Севара Батырова, көпбалалы ана:

– «Менің күйеуім сапожник. Оралман. Сауаты жоқ. Қолынан басқа жұмыс келмейді. Жасы 50-ден асып кеткен. Балаларым кішкентай. Мен Өрлеуден алсам, қолымнан еш нәрсе келмейді. Мен ойлағам, тым болмаса сапожникке керекті жаблықтарды алып, сатамын деп. Бірақ, ол болмайды деді. Мал асыра деді. Мен мал асырай алмаймын. Огородтан да ештеме істете алмаймыз».

Жаңа форматтағы әлеуметтік көмек„-тің төңірегінде туындаған сұрақтар көп болды. Себебі, мемлекеттің қайтарымсыз қаржысын бәрі де алғысы келеді. Мамандардың мәліметінше ешқандай қиындығы жоқ. Тек құжаттады түгендеп тапсыру қажет. Өзгеде сауалдарға Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығындағылар жауап беруге дайын.

Ал, БАҚ өкілдерінің келетінінен хабарсыз болған Қаратау ауданы әкімдігі алтынқұрсақты аналарға арналған жиынды жағымсыз иісі мүңкіген жертөледе өткізді. Ұйымдастырушылар, тілшідердің келетінін білгенде, жиынды кеңдеу бөлмеде өткізетінін мәлімдеді. Қаперге салайын, Қаратау ауданында 7835 көпбалалы ана бар. Оның 3600-ге жуығы жәрдемақы алады.

Таңшолпан АРМАНҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*