Басты » Білім » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ӘЛІДЕ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ӘЛІДЕ ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

Латын әліпбиінің ұсынылған тағы бір нұсқасы қоғам сынына ұшырады. Кей әріптертердің маңдайшасындағы үтірі көпшілктің көңілінен шықпаса керек, Қарсылық танытқандар пікірлерін тіпті әлеуметтік желілер арқылыда жеткізуде. Қазақ алфабитіне жанашырлық танытқан „белсенділер„ үшін арнайы жұмысшы тобы құрылды. Саясаттанушылар мен журналистерден құралған насихат тобы әріпке қатысты қоғамның түрлі пікірін назардан тыс қалдырмайды.

07_11_2-3-new-mp4_snapshot_00-14_-2017-11-07_15-54-39

Латын әліпбиінің түр- түрін жасаған ғалымдар, осы уақытқа дейін 3 түрлі жаңа алфавит түрін ұсынды. Біріншісі, Ахмет Байтұрсынов атындағы ғылыми институттың 26 әріптен тұратын әліпбиі. Екіншісі, 1994 жылы академик Әбдуәлі Қайдаров жасаған әліпби және соңғысы кейбір әріптердің маңдайшасындағы үтірі бар Апостроф нұсқасы. Бұл нұсқаларға асығыс пікір білдіргендер қазақ алфавиті осылай қабылданды деген теріс пікір тудырған. Арнайы құрылған насихат тобы көпшілікке жаңа әліпбиге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Әміржан Қосанов, саясаттанушы, журналист:

– «Өкінішке орай, тіл мәселесі туралы нақты әдіс-тәсіл туралы филологияға қатысы жоқ адамдар сөйлеп кетті. Сондықтан, мамандарды тыңдауымыз қажет. Әзірше апострофы бар нұсқа үлкен сынға ұшырап жатыр. Оны мойындау керек. Әсіресе, әлеуметтік желіде ел ішінде. Екінші мәселе ол өркениеттік мәселе. Кириллица мен латыницаның әлемі бар. Сол әлемнің ортасында біз қайсысына бет бұрамыз.

07_11_2-3-new-mp4_snapshot_02-07_-2017-11-07_15-54-54

Журналист, саясаттанушы, ақын, блогерлерден құрылған жұмысшы топ еліміздің әрбір өңірін аралайды. Себебі, халық латын алфабитін қолдағанмен, жаңа әріптердің бейнесіне көңілдері толмайтын көрінеді.

Ербол Саиров, саясаттанушы:

– «Біріншіден Елбасының жарлығы шықты және әліпбидің сол варианты қабылданды деген жаңсақ пікір. Елбасы жарлығының екінші пунктінде әліпбиді іс жүзіне асыруда мемлекеттік комиссия құрылу жөнінде тапсырмасы бар. Осы комиссия әліпбиді қайта ой елегінен өткізеді. Апостроф қабылданып ресми түрде кіріп кетті деген дұрыс емес.

Әлемде 4 млрдтан астам халық латын әріпін қолданады екен. Ал қазақ елі тарихи өзгеріске бет бұрғалы жатқан тұста, құрылған жұмысшы топ көпшілікті ұйымшылдық пен жауапкершілікке шақырды. Сондай-ақ, саясаттанушылар бұл өзгеріс аға буынға қиындау соққанымен, келешек ұрпақ көштен қалмай өмір сүруі қажет деген пікірде.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*