Басты » Қылмыс » ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАМАҚ БОЛҒАНДАР СОТТАЛДЫ

ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАМАҚ БОЛҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Діни алауыздықты уағыздау мен терроризмді насихаттау материалдарын сақтады деп айып тағылған азаматтар ақталып шықты. Олар қаруды заңсыз иемденгені үшін сотталды. Ал, екі азамат, қылмысқа дайындалғаны және қарақшылық жасамақ болғаны үшін 5 жылға абақтыға жабылды. Сондай ақ, екі азамат сот залынан босатылды.

06_11_2-18-mp4_snapshot_00-15_-2017-11-07_16-11-18

ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 5 азаматтың ісі қаралып, шешім шықты. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құра отырып, қарақшылық жасамақ болды деген айып тағылған болатын. Нақтырақ айтар болсақ, 31 жасар Мейірбек Үсеровке ҚР ҚК 6 бабымен айып тағылған болатын. Сотталушы, қаруды заңсыз иемденгені, сақтағаны үшін сотты болды.

Самидин Темірәлиев, ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– «Үсеров Мейірбек Сейсенбекұлы ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігінде қарастырылған қылмыстық белгісімен кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен 2 жыл 6 жыл ай мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК 60 бабының 1 бөлігінің талаптарына сәйкес Үсеровке 2009 жылы 9 наурызда Алматы қаласы, № 2 Бостандық аудандық сотының үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін, осы үкім бойынша тағайындалған жазаға ішінара қосу арқылы түпкілікті 4 жыл бас бостандығын айыру жазасы тағайындалсын».

Ал, Оразбек Азамат пен Халықұл Нұрдаулет қаруды сақтау, тасымалдау баптарымен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал, Жолан Заман қару алып жүргені үшін, ал, Мұрат Нарсұлтан қылмысты жасырғаны үшін шартты жаза арқалап, сот залынан босатылды.

06_11_2-18-mp4_snapshot_00-57_-2017-11-07_16-11-35

Самидин Темірәлиев, ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– «Мұрат Нарсұлтан Асылханұлы ҚР ҚК 432 бабында көрсетілген қылмыстық белгілерімен кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен 1 жылға бас ботандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Сондай ақ, ҚР ҚК 63 бабымен қолданыла отырып, тағайындалған жаза шартты деп есептелсін. Жоланға қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы, үкім заңды күшіне енгенше оған ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертіліп, тезарада босатылсын».

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың наурыз айының 29 шы жұлдызында ОҚО ІІД жедел іс шара жүргізіп, 5 азаматты қолға түсірген болатын. Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, Оразбек пен Халықұл Жоланнан мылтық алып, Түркістан қаласы Шоқтас ауылына қарақшылықпен мал ұрламақ болған. Алайда, арам ойлары іске аспай тәртіп сақшыларының қолына түскен. Айта кету керек, сот шешімі алқа билердің қатысуымен шығарылды.

Нұргүл Жолымбетова

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*