Басты » Қылмыс » ТІЛШІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

ТІЛШІГЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ОТЫРЫСЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛДЫ

Отырар телеарнасының тілшісі Бахром Абдулаевқа қатысты кезекті сот отырысы кейінге қалдырылды. Мұндай шешім зардап шеккен тараптың өтініші бойынша қабылданып отыр.

07_11_2-7-mp4_snapshot_00-05_-2017-11-07_16-24-51

Айта кетейік, телеарна тілшісіне „Бекжан„ базарының иесі Әмірхан Шуменов жала жабу бабы бойынша арызданған. Оған телеарна эфирінен шыққан, „базар тұтынушылары мен саудагерлерінің кесірінен Сыпырған ата мазараты қоқысқа тұнып жатыр „деген бейнематериалы сеп болған. Дегенмен, сюжетте мұндай шағымды жергілікті тұрғындар жеткізгенімен, артынан олар өз сөздерінен айнып қалған болатын. Бүгінде журналист Абдуллаевқа 130 бапта көрсетілген „жала жабу„ бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Еске салсақ, Бахром Абдуллаевқа қатысты алғашқы сот отырысы 25 қазанда өткен болатын.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*