Басты » Қоғам » ИМАМДАР АЛҒАШҚЫ ЖАЛАҚЫЛАРЫН АЛДЫ

ИМАМДАР АЛҒАШҚЫ ЖАЛАҚЫЛАРЫН АЛДЫ

Тұңғыш рет имамдарға жалақы тағайындалып отыр. Бүгін облыстың бас имамы дін қызметкерлеріне алғашқы айлықтарын табыс етті. Қаржылай көмек Республикалық «Уақып» қайырымдылық қорынан бөлінді. Ай сайын берілетін ақшаның көлемі 50 -60 мың теңгенің төңірегінде.

07_11_2-14-mp4_snapshot_00-07_-2017-11-07_16-39-18

Имамдарға еңбек ақы беру бұрын соңды болған емес. Ең алғашқы бастама Оңтүстікте жүзеге асып отыр. Өңірдің өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, дін қызметкерлеріне тағайындалған ақшаны өзі үлестірді.

Ахметжан КЕРІМБЕК, ОҚО мешітінің бас имамы:

– «Алла қаласа ендігі айдан бастап алыс- жақын ауыл имамдарына ай сайынғы қаржылай көмек берілетін болады. Ол 50 мен 60 мыңның арасында. Бұл Республика бойынша біздің облыстан бастау алды. Кейбір алыс аймақтағы молдаларға карточка арқылы аударылатын болады».

07_11_2-14-mp4_snapshot_01-50_-2017-11-07_16-38-58

Бұл игі бастаманың мақсаты ауыл мешіттерінің қызметін жандандыру мен қатар сапалы дін кадрлерін тұрақты ұстап тұру. Жоғарғы діни білімі бар мамандарды алыс жақын ауылдарға жіберу. Ал 16 жылдан бері халыққа тура жолды насихаттап келе жатқан Досым Шәріпұлы «Уақып» қайырымдылық қорының қамқорлығына алғысын білдірді.

Досым Шәріпұлы, имам:

– «Мен риза болып тұрмын. «Уақып» корпоративіне рахмет».

Әзірге қайырымдылық қордан бөлінген ақша өңірдегі имамдардың 10 пайызына берілді. Ал 2018 жылдан бастап, барлық дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы төленетін болады. Діни басқарманың мәліметінше елімізде бүгінге дейін 2563 мешіт бой көтерген. Соның 817-і Оңтүстікте орналасқан, онда 1782 имам қызмет жасайды.

Айдос ТҰРҒАН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*