Басты » Мәдениет » ДАСТАН ОРАЗБЕКОВ ОҢТҮСТІК ХАЛЫҚЫНА ЕСЕП БЕРДІ

ДАСТАН ОРАЗБЕКОВ ОҢТҮСТІК ХАЛЫҚЫНА ЕСЕП БЕРДІ

Өнерлінің өрісі кең. Белгілі әнші, актер, тележүргізуші Дастан Оразбеков Шымкентке келді. Жеке шығармашылығын қолға алған ол, кеште өзге қырынан көрінуге тырысты. Тіпті, бойын толғаныс билеп, сары уайымға да салынды. Алайда, байқатпаймын деп бақты.

Дастан ОРАЗБЕКОВ, әнші

– Қобалжу міндетті түрде, қобалжып тұрмын. Қанша халық келеді екен, қалай болады, концерт басынан-соңына дейін қалай өтеді екен деп.

     Көп күттірмей, жүрегін қолына алып, сахна төріне Дастан Оразбековте шықты. Ол 5 қаруын сайлап, дайындығын пысықтап келіпті. Алайда, шаһарымызда әншінің өнерін бағалаушылардың қатары көп болмай шықты. Осыған қарамастан, ол санаулы тыңдармандарының көңілін тауып, қуаныш сыйлауға барын салды. Тіпті, жанды дауыста ән шырқады.

     Есеп беру концерті 4 бөлімнен құралды. Лирикалық, патриоттық, ұлттық және заманауи бағыттарда 20дан астам ән орындалды. Әуеннің ырғағына сай ерекше қимылдарды қамтыған биде биленді. Ал, Дастан Оразбековті қолдап, шабытын шарықтатуға өнердегі із басарларыда келіпті.

     Дастанның өнерін өрге жүргізіп отырған тыңдармандары, қашанда қолдау көрсетуге дайын. Бейнебаян, әндерін үзбей тыңдап, түскен фильмдерінің бірін қалдырмай көруге тырысатын көрінеді.

     Өнер иесі сахнаға алғашқы қадамын 1993 жылы басқан. 15 жыл бойы „Орда„ тобында өнер көрсетеді. Ал, жеке шығармашылығына ден қойғанына ұзақ уакқытта болмапты. Қоржынында 3 бейнебаян, 15тен астам ән бар. Сонымен қатар, ол кино, сериалдарға түсіп, әртістік қабілетін шыңдаса, жан-жақтылығының арқасында бірқатар бағдарламаларды тізгіндеді. 8 қырлы бір сырлы жігіт, бүгінде Шымкенттіктерге жылы лебізін білдірді.

Дастан ОРАЗБЕКОВ, әнші

– Шымкентке тілегім, жүздеріңізден ешқашан жылулық кетпесін. Өйткені әр жан мен үшін жылы жандар. Ең шапшаң, азамттар осында. Шымкенттіктердің өздері де, істері де жүйрік.

     Ал, ендігі кезекте Дастан Оразбеков, жеке концертін Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларында жалғастырмақ.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*