Басты » Қоғам » ТҰРҒЫНДАР ТОҒАЙЛЫ ОРМАНҒА ҚОЛ СҰҒЫП ЖАТЫР

ТҰРҒЫНДАР ТОҒАЙЛЫ ОРМАНҒА ҚОЛ СҰҒЫП ЖАТЫР

Үшінші мегаполисте су туризмінің маусымы қараша айына дейін созылды. Бұған күздің қолайлы ауа райы себеп. Нəтижесінде Шымкенттік туристер кезекті катамаранмен жүзу маусымының дəстүрлі жабылу салтанатын əдеттегіден кеш өткізді. Арыс өзені бойымен жүзіп өткен топ мүшесінде арнамыздың редакторы Алексей Гончаров пен тілші Шакир Умаровта бар.

08_11_2-7-mp4_snapshot_00-00_-2017-11-08_12-36-00

Сайыстың бастау алатын орны Арыстың жағалауында өзгеріс көп. Дəл осы оң жағалаудан катамарандар қозғалысын бастайтын. Дегенмен, қазір оған мүмкіндік жоқ. Өйткені мұнда қазу жұмыстары басталып кеткен. Тұрғындар мұндағы тоғайлы орманғада қол сұғуда.

Юрий Малыхин, су туризмінің ардагері:

– «Өзеннің жағалауында бөтелкелерде көп. Сондай-ақ, қоқысқа тұнып тұр. Мұның барлығын əрине адамдар тастайды. Неге туған табиғатына аяушылық танытпайды. Енді артымыздан жинауды үйренетін кез келген шығар. Біз үшін оны ешкім жинамайды.»

Екі күн бойы топ мүшелері өзен бойымен 40 шақырымға дейін жерді жүзіп өтті. Осылайша, олар жағалауда техника көмегімен жүргізілген ауқымды қазба жұмыстарын байқаған. Тіпті жұмыстың мақсаты да түсініксіз,- дейді қатысушылар. Бұл жоба кімнің тарапынан қаржыландырылатыныда белгісіз болып отыр. Дегенмен, өзен ағысның тоқтамауы мұнда келушілерді қуантуда.

08_11_2-7-mp4_snapshot_00-27_-2017-11-08_12-36-10

Андрей Ващенко, су туризмінің ардагері

– «Су жеткілікті болды. Кедергісіз өттік. Cу туризімімен айналысыңыздар. Бұл керемет спорт».

Осылайша, су туризмінің 2017 жылғы маусымы салтанатты түрде жабылды. Енді Арыс өзенімен катамарандар тек келесі жылдың көктемінде жүзетін болады. Дегенмен, мұндай спорт түрімен айналысатын тұрғындар, жаңа маусымда осындағы күрмеуі шешілмеген мәселе қатары жойылады деп сенім білдіреді.

Нұржігіт ТҰМАНБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*