Басты » Қылмыс » 100 МЫҢ ТЕҢГЕ ҮШІН КІСІ ӨЛТІРГЕН АЗАМАТ СОТТАЛДЫ

100 МЫҢ ТЕҢГЕ ҮШІН КІСІ ӨЛТІРГЕН АЗАМАТ СОТТАЛДЫ

Тапсырыспен кісі өлтірген азамат 17 жылға сотталды. Досының сөзін жерге тастай алмаған сотталушы, 100 мың теңге үшін адамды атып тастаған. Оның ісі облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
07_11_2-17-mp4_snapshot_01-55_-2017-11-08_12-53-09

Тапсырыспен адам өлтірген 25 жасар Солтыбеков Мейірбек Қанатбекұлы Түлкібас ауданының тумасы. Бұрын сотталмаған. Бірақ бұған бір адамның көзін құрту үшін ақша төлегендіктен, нысанаға алынған кісіні үйіне барып өлтіріп кеткен. Жасаған ісін мойнымен көтерткен судья, қылмыстық кодекстің 2 бабымен айыпты деп танып, бас бостандығынан айырды.

Дәурен Мадалиев, ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:

– «Солтыбеков Мейірбек Қанатбекұлы ҚР ҚК 58 бабының 4 бөлігіне сай, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті Мейірбек Қанатбекұлына 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын».

Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейтін болды. Сондай ақ, сот тергеу барысында Солтыбековке ҚР ҚК 296 бабымен тағылған айып бойынша іс қысқартылуға жіберілді.

07_11_2-17-mp4_snapshot_01-29_-2017-11-08_12-53-03

Дәурен Мадалиев, ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:

– «Солтыбеков ҚР ҚК 71 бабының, 1 және 3 бөлігіне сай қылмыстық теріс қылықтың ескерту мерзімінің өтуіне байланысты, ҚК 296 бабының 2 бөлігінде көзделген әрекеттер бойынша, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, айыптың бұл бөлігі қысқартылсын. Заттай дәлеледеме ретінде танылған кептірілген марихуанна салмағы 40,63 гр . Конобис смаласы, салмағы 0,005 гр . Сондай ақ, екі қолынан алынған шайындылар жойылсын».

Қанды оқиға осыдан 4 жыл бұрын яғни 2013 жылы Түлкібас ауданында орын алған. Мәселе жер дауынан шыққан. Судьяның мәліметінше сотталушыға өзінің досы, адам өлтіру үшін 100 мың теңге ұсынған. Нәтижесінде, Мейірбек Қанатбекұлы досына жақпаған кісіні үйіне барып атып кеткен. Өзі оқиға орнынан бой тасалағанымен 4 жылдан кейін қолға түсіп отыр. Яғни, биыл тамыз айында Алматы қаласында ұсталды. Ал, кісі өлтіруге тапсырыс берген ер азамат сол жылы сотталған.

Нұргүл Жолымбетова

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*