Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТЕ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨРЕЛЕР ПАЙДА БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨРЕЛЕР ПАЙДА БОЛДЫ

     «Қазақстанда жасалған» Шымкенттегі сауда орындарында отандық өнімдерге арналған сөрелер қойылуда. Отандық өнімдердің сұранысын арттыру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда бұл бастаманы қаладағы «Фиркан» және «Шахан» сауда орталықтары бірінші болып қолға алды.

     Шымкенттегі ең ірі «Фиркан сити» сауда үйінде қазақстанда жасалған тауарлар үшін арнайы сөрелер қойылып, тұтынушылар қажет затарын қолайлы бағада сатып алып жатыр. Бұл сөрелердің қойылғанына көп уақыт өтпесе де, мамандардың отандық өнімдерге деген сұраныстың артқанын айтуда.

     «Фиркан ситиден» бөлек қаладағы «Шахан» сауда орталығы да «Қазақстанда жасалған» өнімдерге арнайы орын бөліпті. Бұл бастама отандық кәсіпорындардың жұмысын нығайтып, әлемдің нарыққа шығуға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар әрбір тұтынушы отандық тауар маркасын сатыпала отырып, ел экономикасының дамуы үшін өз үлестерін қосады. Алдағы уақытта Қазақстанда жасалған өнімдерді кеңінен насихаттау мақсатында ірі сауда үйлері мен базарларда және жәрмеңкелерде осындай іс шаралар өткізілетін болады.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*