Басты » Қоғам » ДЕПУТАТ МЕШІТТІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРДІ

ДЕПУТАТ МЕШІТТІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП БЕРДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында 817 мешіт бар. Оның біразы жаңадан бой көтерсе, кейбірінің қабырғасы қаланғанына ұзақ уақыт болған. Тіпті күрделі жөндеуді қажет ететіндеріде кездеседі. Дегенмен, ұсақ-түйек қажеттілікті имамдар жамағат болып өтеуге тырысады. Ал, күрделі мәселелер демеушілердің көмегімен шешімін табуда.

08_11_2-9-mp4_snapshot_02-09_-2017-11-08_13-02-19

Еңбекші ауданына қарасты, Саяжол көшесінің бойындағы «Хазірет Әли» мешіті 1997 жылы пайдалануға берілген. Шетелдік демеушілердің көмегімен салынған Алла үйі 100 орынға шақталған. Бірақ, жұма намазы мен діни мереке кезінде құлшылық жасауға келетіндер мешітке сыймай қалады екен. Сондықтан, жамағат жайнамазын алып, намазын далада оқиды. Жағдай қыс мезгілінде тіптен қиындай түседі.

Бақытжан ИМАНҚҰЛОВ, «Хазірет Әли» мешітінің имамы:

– «Мешітіміздің шатырынан су ағатын. Жаңбырлы күндері жамағат су болып шығатын. Тіпті намаз оқитын жерден кететін кездер болған. Себебі, жайнамаз шылқылдап су болып кететін».

08_11_2-9-mp4_snapshot_00-07_-2017-11-08_13-01-55

Шатыры ескіріп, күмбезі тозған мешітке жаны ашыған жергілікті жұрт, облыс мәслихатының депутаты Бахарам Абдукаримовтан көмек сұрапты. Халық қалаулысы қолдан келгенше көмегін аямайтынын айтып, уәдесін беріпті. Елдің сөзін жерге тастамаған депутат, мешіттің шатырын ауыстырып, күмбезін орнатып берді.

Әлсейіт ҚАДІРҰЛЫ, Шымкент қаласының тұрғыны:

– «Мешіт Алланың үйі, мен жөндеп беремін деді. Сөзінде тұрып, ақша аударып, оның кеңесшісі басы қасында жүрді. Сөйтіп, шатырды ауыстырып берді».

Аталған мешітте бұданда бөлек бірақатар проблемалар болған. Мәселен, қыс мезгілінде құлшылық жасауға келгендер сырт киіммен намаз оқыпты. Себебі, Алла үйінде жылуға қатысты аздаған қиындық туындаған.

08_11_2-9-mp4_snapshot_01-00_-2017-11-08_13-01-41

Абдулла МҰСТАФАЕВ, ОҚО мәслихатының депутаты Б.Абдукаримовтың кеңесшісі:

– «3-4 жыл бұрын жылу жүйесін жасап берген. Жылы еден төсеп. Кейін тұрғындар су өтіп жатыр шатырдан деп көмек сұрағады. Оғанда ақша бөліп шатырын, күмбезін ауыстырып берді.»

Осылайша «Хазірет Әли» мешітінің күмбезі күнге шағылысып, тозған шатыры ауыстырылды. Сауапты іске ат салысқан облыстық маслихаттың депутаты Бахарам Абдукаримовке жұрттың айтар алғысы шексіз.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*