Басты » Қоғам » НҰРЛАН САУРАНБАЕВ: “ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ БОЛУ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК”

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ: “ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ БОЛУ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК”

Араға апта салып Шымкентке жаңа әкім тағайындалды. Президент әкімшілігі және қалалық мәслихаттың келісімімен шаһар тізгінін Жамбыл облысының тумасы Нұрлан Сауранбаев ұстады. Оны елге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев таныстырды. Нұрлан Ермекұлын жаңа жұмысымен құттықтаған аймақ басшысы, бірқатар салалардағы мәселелерді жіпке тізіп, шешуді тапсырды.

aa625201-mxf_snapshot_00-04_-2017-11-07_18-44-29

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттің әкімі қызметінен кеткеннен кейін, оның орны бір апта бос тұрды. Осы уақыт аралығында ел түрлі болжам жасап, жаңа басшы кім болады,-деп күбірлесті. Сөйтіп, 7 қараша күні кешкі сағат 18:00-де Жансейіт Түймебаев шахардың жаңа әкімін жұртқа таныстырды.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, ОҚО әкімі:

– «Қалалық мәслихатқа жаңа кандидат ұсынылды. Сосын депутаттардың келісімен Шымкент қаласының әкімі қызметі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы тағайындалды».

Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы. 1967 жылдың 20 мамырында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында бастаған. 2002-2016 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында басшылық қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, 2017 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің комитет басшысы лауазымында болған.

aa624701-mxf_snapshot_00-00_-2017-11-07_18-44-43

Нұрлан САУРАНБАЕВ, Шымкент қаласының әкімі:

– «Шымкент қаласының әкімі болу үлкен жауапкершілік. Мен оны жақсы түсінемін. Шымкенттің болашағы өте зор. Ал, облыс әкімінің берген тапсырмаларын қала активімен бірлесіп атқаратын боламыз. Сенімдеріңізге рахмет».

Қаладағы ақсап тұрған бірқатар салаларды жөнге келтіруді тапсырған Жансейіт Түймебаев, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі. Сөйтіп, қала мэрін құтты орнына қондырды.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*