Басты » Медицина » ДӘРІГЕР: “АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН АДАМ НАУҚАС ЕМЕС”

ДӘРІГЕР: “АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН АДАМ НАУҚАС ЕМЕС”

Оңтүстікте ВИЧ инфекциясын жұқтырушылар саны төмендеген. Мәселен, өткен жылы 185 азамат иммун тапшылығы вирусын жұқтырса, биыл олардың саны екі адамға азайған. Мұндай мәліметті облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығының дәрігерлері сүйіншілеп отыр.

08_11_2-8-mp4_snapshot_00-12_-2017-11-08_13-43-52

СПИД пен ВИЧ тің ара жігін ажырата алмайтындар үшін орталық мамандары БАҚ өкілдерінің басын арнайы қосты. Себебі, Дүние жүзінде Қарашаның онынан бастап бір ай бойы ВИЧ-ке қарсы күрес уақыты деп белгілінген. Жұқпалы аурудың екі түрін көпшілік көбіне шатастырады екен. Ақ халаттылар ВИЧ тің қазақша баламасы АИТВ деп аталатынын тағы да ескертеді.

Қожахмет МАШИРОВ, „СПИДтің алдын алу және онымен күресу орталығы„ МКҚК бас дәрігерінің орынбасары:

– «Өкінішке орай қазіргі күнге дейін қателіктер кездеседі. Жай терминнің өзінде мысалы АИТВ мен ЖИТС-ті шатастырып жатады. Статистикада қателіктер болады. Инфекцияны шығу жолдарын дұрыс түсінбегендіктен қате ақпараттар кеткен. АИТВ жұқтырған адамды науқас деп есептейді. Ол науқас емес, вирус жұқтырған адам, тасымалдаушы адам. Ол сырт көзге сау адам».

 08_11_2-8-mp4_snapshot_00-42_-2017-11-08_13-43-10

СПИД деп отырғанымыз ЖИТС деп те айталады. Яғни, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының дамуы. Дамуы деген сөз бұл жерде жақсы мағынада айтылмайды. Демек, ағза инфекциялар мен ісіктерден қорғануға дәрменсіз болады. СПИД деп ВИЧ- тің ең соңғы стадиясын айтады.

Ербол ЕСІРКЕПОВ, ОҚО СПИД орталығы, Эпидемиялогия бөлімінің меңгерушісі:

– «ВИЧ бойынша емі бар. Антератравирустық терапия деп жатырмыз ғой яғни, ол толық АИТВ инфекциясын қан құрамынан шығарып тастайды деген ұғым жоқ. Оны төрт деңгейде, адамның иммундық статусын ұстап тұру. Былайша айтқанда Алла қанша ғұмыр берді соны сүреді.

Елімізде қарашаның біріне дейін ВИЧ инфекциясымен тіркелген азаматтардың саны 32044 екен. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда 3145 азаматтың иммун тапшылығы вирусы төмен. Мамандар вирусты қалыпты дерт деп қабылдау керек деп санайды. Себебі, ол дертті жұқтырғандар әріптестер, таныстар, достар болуы да ғажап емес. Сондықтан ол азаматтарды қоғамнан шеттету қисынға келмейді дейді.

08_11_2-8-mp4_snapshot_00-16_-2017-11-08_13-44-07

Ербол ЕСІРКЕПОВ, ОҚО СПИД орталығы, Эпидемиялогия бөлімінің меңгерушісі:

– «Ия қалыпты ауру деп онымен мысалы бірге тамақтанғанда бір сүлгіні пайдаланғанда болмаса, бір маса оны немесе сізді шаққанда да, ол АИТВ инфекциясы берілмейді. Олардың барлығы былайша айтқанда, журналистер арасында, әкімшілік қызметкерлері арасында, бизнесмендер арасында, дәрігерлер арасында да бар. АИТВ инфекциясымен тіркелгендер. Оларға заң бойынша құқығын таптай алмайды. Сол себепті заң бойынша жұмыстарын атқаруға болады.

ВИЧ яғни АИТВ инфекциясы үш жолмен жұғады. Қан арқылы, жыныстық қатынас, және анадан балаға берілу арқылы. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелушілердің саны екі адамға кемігенін сүйіншілейді. Мәселен, былтыр 185 азамат тіркелсе, биыл 183-ке төмендеген. Айтпақшы инфекциямен тіркелгендер өзге адамға вирусты жұқтырса қылмыстық іс болып есептеледі. 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылу туралы заң бар.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*