Басты » Қоғам » ЕНДІ ЖЫЛЫЖАЙДЫ СМАРТФОНМЕН БАСҚАРУҒА БОЛАДЫ

ЕНДІ ЖЫЛЫЖАЙДЫ СМАРТФОНМЕН БАСҚАРУҒА БОЛАДЫ

Оңтүстік диханшылары үшін жылыжайды смартфонмен басқаратын күн алыс емес. Себебі, корейлік „Neo farm„ компаниясы егіншілерге осындай мүмкіндік ұсынып отыр. Ауылшаруашылығын дамытуға арналған „Agritek„ халықаралық көрмесіне келген шетелдік компаниялар Отандық кәсіпкерлерді тізе қосып жұмыс жасауға шақырады.

08_11_2-13-mp4_snapshot_00-49_-2017-11-08_14-02-15

Бас штабы АҚШ та орналасқан „ТНТ Продакшнс„ ұйымының Алматыдағы мамандары бұл көрмені Шымкентте алтыншы рет өткізіп отыр. Халықаралық көрме ге жергілікті кәсіпкерлерден өзге Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия сынды мемлекеттердің озық технологиялары қатыстырылады. Көрменің дәстүрлі түрде Шымкентте ұйымдастырылу себебі, Күнгейде егін мал шаруашылығы дамыған.

Геннади ДЯКИН, „Agritek shymkent„ халықаралық көрмесінің директоры:

– «Көрмеде ауылшаруашылығына қажетті барлық нәрселерді кездестіруге болады. Мәселен, түрлі тыңайтқыштар мен тамшылатып суару әдістеріне арналған озық технологиялар, тіпті көрме сыртында жер жыртуға аоналған көліктер де бар. Кәсіпкерлер үшін бұл көрменің пайдасы зор».

08_11_2-13-mp4_snapshot_00-44_-2017-11-08_14-02-09

Көпшілік назарына шетелдік компаниялардың Қазақстандағы дестрибютерлерінен өзге 50 ден астам кәсіпорындардың тауарлары қойылған. Мәселен, Оңтүстік Кореялық „Neo farm„ компаниясының технологиясы тіпті ерекше. Яғни, жылыжайдағы егіннің жағдайын смартфон арқылы басқаруға болады. Бар болғаны 6 мың доллар тұратын мына құрылғылар арқылы алыста жүріп ауа ылғалдығын, жылыжайды ашып қайта жабуға тіпті жарығын жағып өшіруге де болады.

Пак КИ, „Neo farm„ компаниясының маманы:

– «Бұл әдістің пайда болғанына көп бола қойған жоқ. Яғни нарыққа үш жыл көлемінде жұмыс жасап жатырмыз. Кореялық шаруалардан түскен сұраныс мол. Қазақстандық кәсіпкерлерге де пайдасы тиер деген үмітпен келдік. Әзірге мұндай көрмеге қатысуымыз алғаш рет. Қытайлықтармен келіссөздер жүргізудеміз».

Шетелдің түрлі технологияларын көрген жергілікті шаруалар таңданыстарын жасыра алмады. Алма, қызанақ егумен айналысатын Сайрамдық кәсіпкер қажетті мәліметтерді мамандардан сұрап біліпті. Алдағы уақытта қолайлы компаниялармен келісім жасамақ.

Көрме қарашаның сегізі мен оны аралығына дейін жалғасатын болады. Халықаралық маңызы болғандықтан бұл көрме басқа көрмелерден өзгеше өтуде. Келушілер үшін тіпті жүрек жалғайтын арнайы орындар дайындалыпты. Ал, көрме сыртында дала шаруашылығына арналған түрлі технологияларды кезіктіруге болады.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*