Басты » Қылмыс » СӘБИІН ҚОҚЫСҚА ТАСТАҒАН ӘЙЕЛ АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ТАБЫЛДЫ

СӘБИІН ҚОҚЫСҚА ТАСТАҒАН ӘЙЕЛ АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ТАБЫЛДЫ

Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған әйел ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД ресми мәлімдеді. Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті 26 жастағы Астана қаласының тұрғыны екен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер оны Астана қаласында қолға түсірген. Күдікті кінәсін толық мойындаған.

aa330601-mxf_snapshot_00-00_-2017-10-20_14-50-59

Қазіргі таңда қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін күдікті жақын күндері Шымкент қаласына жеткізілетін болады. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 20 қазан күні Шымкент қ. Абай ПБ-нің қоқыс жәшігінен жас нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 100 бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Күдікті әйелді іздестіруге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*