Басты » Қылмыс » ШЫМКЕНТТЕ ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ БОЛДЫ

Темірлан тас жолында жантүршігерлік көлік апаты орын алды. Түнгі уақытта бір бағытқа қарай қозғалған опель және фольксваген көліктері жолды бөлісе алмаған.

csyuzhet-13-region-dtp-mp4_snapshot_00-27

Яғни, опель көлігі Темірші әулиенің жанына келгенде солға қарай бұрылмақ болған. Ал, сол мезетте, сол жақ тұстан фольксваген жеңіл көлігі шыға келген. Нәтижесінде, екеуі соқтығысып тынды. Тіпті, темір тұлпардың бірі соққының салдарынан жолды бөліп тұрған темірге барып соғылған. Көліктің жарамсыз күйіне қарап, адамның аман қалуы мүмкін емес. Абырой болғанда жүргізуші дін аман.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*