Басты » Қылмыс » ТУҒАН ҰЛЫН АЯУСЫЗ САБАҒАН ҚАТІГЕЗ АНА СОТТАЛДЫ

ТУҒАН ҰЛЫН АЯУСЫЗ САБАҒАН ҚАТІГЕЗ АНА СОТТАЛДЫ

7 жастағы ұлын бұтына жіберіп қойғаны үшін өлімші етіп сабаған қатігез ана жазаға тартылды. Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, 31 жастағы әйелге 5 жыл үкім кесті.

09_11_2-21-mp4_snapshot_00-01

Енді ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сот процесі барысында кәмелет жасына толмаған балаларының бар екені және жүктілігі ескеріліпті. Сонымен қатар, айыпталушы кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Дегенмен, сот туған ұлына қатігездік танытқан ананы бас бостандығынан айырып, ата -ана құқығынан айырды.

Гүлнұр КӘРІМҚҰЛҚЫЗЫ, ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: 

– «Шалбарына дәрет сындырып қойғаны үшін, баласына бірнеше рет ине сұққан. Онымен қоймай бетіне ыстық су шашқан. Сондай-ақ, жұдырығымен басынан ұрған. Бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді».

Естеріңізде болса, оқиға осы жылдың мамыр айында болған еді. Басынан ауыр жарақат алып, денесі күйген 7 жастағы бала ауруханаға жеткізілген болатын. Оның қазіргі жағдайы бірқалыпты. Құзырлы органдардың шешімінен кейін ол балалар үйіне өткізілді. Сонымен қатар, айыпталушының бір жастағы қызы болса, бөбектер үйіне жіберілген.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*