ЖАСТАРДЫ КІТАПҚА ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Басты » Мәдениет » ЖАСТАРДЫ КІТАПҚА ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ЖАСТАРДЫ КІТАПҚА ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

«Кел жастар, оқылық». Осындай атаумен жаңаша жоба бастау алды. «Жас отан» жастар қанаты ОҚО филиалының ұйымдастыруымен қолға алынып отырған бастаманың мақсаты жастар арасында кітап оқу мәдениетін көтеру. Ұйымдастырушылар бас қосып, осы бір мәселені қалай іске асырамыз деп ақылдасты.

     Технологияның дамығаны ма, сананың өзгергені ме? Әйтеуір, қоғамда кітап оқуға қызығушылық төмендеп кетті деген пікірлер соңғы кездері жиі айтылып жүр. Әсіресе, оқулық ақтаруға қызықпайтындар басым бөлігін жастар құрайды екен. Мұнда жиналғандар осылайша ой білдірді.

     Нұрдәулет ЖҰМАБАЕВ, «НұрОТАН» партиясы «Жас ОТАН» ЖҚ ОҚО-ның жоба үйлестірушісі:

     – Кітап оқымайтын адам сөзінен, түрінен көрініп тұрады. Ал, біздің мақсат солардың кітапқа деген қызығышылығын арттыра түсу.

     Расында жастар арасында кітапқа деген қызығушылық сейілген сыңайлы. Бұған аз ғана уақттың ішінде елдің санасына сіңіп үлгерген ғаламтордың белең алуымен байланыстырса, енді бірі тіпті сауалға тұшымды жауап қата алмады. Бұл да болса, жоба ұйымдастырушысы айтқандай кітап ақтармағанның белгісі ме екен?

     Ал, кітапхана қызметкерлері мұндағы айтылған кейбір мәліметтермен келіспейді. Себебі, оқулықтар отанына келетін оқырмандардың 60 пайызын жастар құрайды екен. Сондықтан жастар кітап оқуға қызықпайды деген жаңсақ пікірден аулақ.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*