Басты » Қылмыс » ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРГЕУШІЛЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРГЕУШІЛЕР ЖЕТІСПЕЙДІ

Оңтүстікте тергеушілер жетіспейді. Республика бойынша 1 ғана маман жылына 40 істі қарау керек болса, өңірлік тергеушілер 10 айда 100 ден астам іс қабылдауда. Сондықтан, тергеу саласындағы кейбір олқылықтардың орын алуына сеп болып отыр.

09_11_2-9-mp4_snapshot_02-03

Үйлестіру кеңесінде мәлім болғандай, өткен жылы тергеу саласында бірнеше кемшіліктер орын алған. Мәселен, қылмыстық істер бойынша 3500 жуық істердің тергеу мерзімі ұзартылған. Сондай ақ, азаматтардың конституциялық құқығы бұзылған. Бұдан бөлек, тергеу саласына қатысты тұлғалардан түскен шағымдардың саны артқан.

Әбіл Қожахметов, ОҚО Прокурорының орынбасары:

– «Қылмыстық қудалау органдарының тергеу саласындағы қызметтік қателіктер жоқ емес. Мәселен, өткен жылы соттармен 18 іс қайта тергеуге қайтарылған. 20 жеке қаулы шығарылып, 20 тұлғаның конституциялық құқығы бұзылған. 3000 нан аса заңсыз шешімдер бұзылып, тоқтатылған 7 мыңнан аса іс прокуратураға уақытысында түспеген. Қылмыстық істер бойынша 13 мыңанна астам шағым түскен».

Бұл кемшіліктердің орын алуы тергеушілердің жетіспеушілігінен көрінеді. Өйткені, сала мамандарының аздығы, тергеу жұмыстарын баяулатып отыр. Мәселен, облыс бойыша 895 тергеуші болуы қажет болса, бүгінгі таңда олардың саны 264 – ді құрайды. Яғни, облыста 600 – ден астам тергеуші жетіспейді. Сондықтан, жұмыла кірісіп, осы мәселенің басын ашып алсақ дейді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.

Сұлтан Бектөре, ОҚО ІІД бастығының орынбасары:

– «Аталған жоба қаржат бөлуіне байланысты болғандықтан, өз тарпыңыздан ықпал етуіңізді сұраймын. Екіншіден, ҚР ҚК 379 бабы, 1 бөлігімен сотқа жолданған екі қылмыстық іс, азаматтардың конституциялық құқығы бұзылған деп, негізсіз есептелінген. Заңның өзгеруіне байланысты, қылмыстық істерді тоқтатқан. Сондықтан, жоғары да аталған екі қылмыстық істерді конституциялық құқығы бұзылған деген санаттан алып тастауға ықпал етуіңізді сұраймын».

09_11_2-9-mp4_snapshot_00-54

Осындай кемшіліктерді реттеу мақсатында, облыс прокуратурасының бастамасымен тергеп тексеру сапасын жақсарту бойынша арнайы жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, биылдың өзінде тергеу анықтау саласындағы шағымдардың саны 45 пайызға төмендеген.

Нұрғалым Әбдіров, ОҚО Прокуроры:

– «Азаматтардың конституциялық құықтарының бұзылу деректері 42 пайызға, тергеудің сапасына шығарылған қаулыларды шығару деректері 88 пайызға төмендеді. Жоба аясында іс шаралар Бас Прокуратурасының қылмыстық процесті оптимизациялау жобасымен жалғастырылды. Сондай ақ, тергеу мерзімдерін қысқарту, және қылмыстық істерді электрондық тәртіпте жүргізу тәртіптері бірінші орынға шығарылды. Электронды қылмыстық іс жобасы Түлкібаста іске қосылды. Ал, басқа да аудандар да, қажетті заттарды сатып алуға қаражат қарастырылды».

Үйлестіру кеңесінде бір тұжырымға келген мамандар, тергеушілер мен анықтаушылардың білімін жетілдіру қажет деп тапты. Сонда ғана қызметкерлер тарапынан кеткен кемшіліктерді реттеуге мүмкіндік бар. Егер де, бұл ұсыныс қолға алынса, тек мамандар емес, прокурорларда сот төрағалары да шеберлік дәрістерін өтуге даяр.

Нұргүл Жолымбетова

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*