Басты » Мәдениет » ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫН ЖАСАУДАН ЖАРЫСТЫ

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫН ЖАСАУДАН ЖАРЫСТЫ

Төңкерме, жоңқа тағамдарының қалай әзірленетінін білесіз бе? Шымкентте алғаш рет қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық ас түрлерінің фестивальі ұйымдастырылыды. Байқауда түрлі тағамдарды дәріптеу үшін 20 өзге ұлт өкілдері қатысты. Оңтүстік достық мекені екенін тағы бір дәлелдеді.

10_11_2-15-mp4_snapshot_02-14

Дастархан қазақ елінің ен даладай кең көңілі, шексіз жомарттығының көрінісі. Әзірленген әр тағамы денсаулыққа пайдалы, әрі дәмі тіл үйіреді. Ұлттық астарды енді күнгейдегі өзге этнос өкілдері де шебер әзірлей бастады. Мәселен, грузиндер „көмбе„ тағамын әзірледі. Бұл ас көшпелі заманда жиі әзірленген. Себебі, мұны дайындауға қазанның қажеті жоқ. Жерге көміліп піседі. Қазіргі таңда ұмытыла бастады.

Заал Бочоришвили, ОҚО грузин мәдениет орталығының төрағасы:

– «Біз бұл тағамды 6 сағатта әзірледік. Алдымен жерді қазып, от жағып, астын, екі бүйірін әбден қыздырдық. Кейіннен, мал сойып, етін өз қарнына салдық. Содан, қарынды, қазылған ыстық жерге көмдік. Өте дәмді шықты деп ойлаймыз. Алғаш рет дайындадық».

Байқау ұлтпен ұлысты бір ортаға жинап, ынтымақтастығын арттыра түсті. Шымкентте қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуден сайыс 3 жыл бұрын басталған. Алғашында олар, ет асудан сынға түсетін. Биыл, байқау тәртібі күрделене түсті. Десекте, үміткерлерге бұл қиындық тудырмады. Ұйғыр этно-мәдени орталығы бар ынтызарлықпен қазақтың ми палау тағамын әзірлепті.


10_11_2-15-mp4_snapshot_00-22

Үміткерлер, бір ғана асты әзірлеумен шектелмей, дастарханды ұлттық сусын, тағамдармен толтырды. Қазылар алқасы, дәмді тағамдардан дәм татып, жеңімпазды анықтарда қиналғанын жасырмады. Байқау нәтижесі бойынша, жеңіске „көмбе„ тағамын әзрлеген грузин этно-мәдени орталығы жетті. Үздіктер сапына енген саусағынан бал тамған өзге үміткерлерге қаржылай сыйлық табыс етілді. Шара аясында, асық ату, мақал-мәтел айтудан да жарыс өтті. Осы арқылы, қазақтың ұлттық құндылықтары ұлықталып, насихатталды.

Таңшолпан АРМАНҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*