Басты » Мәдениет » ОТАНДЫҚ СӘНГЕРЛЕРДІҢ КИІМДЕРІ ҚОЛАЙЛЫ БАҒАМЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР

ОТАНДЫҚ СӘНГЕРЛЕРДІҢ КИІМДЕРІ ҚОЛАЙЛЫ БАҒАМЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР

Сән қуған сымбаттылардың назарына! Шымкентте үш күн қатарынан отандық дизайнерлердің көрмесі өтеді. Осымен жетінші рет ұйымдастырылған шарада отандық сәнгерлердің қолынан шыққан ерекше киім үлгілерін сатып алуға болады. Еліміздің дизайнерлерін қолдауға арналған көрмені „POP UP STORE„ дизайн студиясы ұйымдастырып отыр.

10_11_2-16-mp4_snapshot_00-04

Отандық дизайнерледің сәнді киімдері жергілікті ойын сауық орталықтарының біріне қойылған. Онда 30 дан астам отандық сәнгерлердің жүздеген киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Нәзік жандылар әсіресе, ұлттық нақышта тігілген киімдірге қызығушылық танытты. Ал, көрмені жеті жылдан бері тұрақты ұйымдастырып отырған „POP UP STORE„ дизайн студиясы. Студияның басшысы әрі 2005 жылы Қазақстан аруы атанған Дина Нұрәлиева Отандық дизайнерлердің еңбегін көбірек насихаттау қажет деп есептейді.

Дина Нұрәлива, „POP UP STORE„ дизайн студиясының басшысы:

– « Көрменің мақсаты еліміздегі талантты тігіншілердің еңбегін насихаттау. Дизайнерлеріміз шетелдік сәнгерлерден еш кем түспейді. Мұнда ең сапалы, әрі сәнді деген киімдерді кездестіресіз. Ал, бағасына келетін болса, олар үлгісіне қарай әр түрлі. Дизайнерлерге тым қымбат бағада сатпауын алдын ала ескертеміз».

Ия, көрмеге келуші қыз келіншетердің басым бөлігі студент жастар. Ал, қаз қатар тізілген сөрелерден бағасы 25000 нан 45000теңгеге дейінгі көйлектерді көруге болады. Көйлектерден өзге Ою өрнекті алқалар мен жүзік, тіпті былғарыдан жасалған сөмкелерді сатып алуға мүмкіндік бар.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*