Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТ-АСТАНА БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰШАҚТЫҢ ЖОЛАУШЫСЫ ҚАЗА БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ-АСТАНА БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰШАҚТЫҢ ЖОЛАУШЫСЫ ҚАЗА БОЛДЫ

Шымкент-Астана бағытындағы ұшақтың жолаушысы қаза болды. Оқиға 13 қараша күні сағат 12:00 шамасында орын алған. «Air Astana» компаниясына тиесілі әуе кемесі 352 бағыт бойынша Елордаға аттанған.

92c2606b4bf666fa4414bd36957c30ce_resize_w_830_h_465

(сурет ғаламтордан алынды)

Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін, жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініпті. Өкінішке орай, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Сөйтіп, ұшақ шұғыл түрде кері қайтқан. Ал, әуежай қызметкерлері дереу жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақыртқан. Тексеру кезінде қаза болған азамат 1947 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екен анықталған. Бірақ, бүгінгі күнге дейін Астана қаласында тұрып келген. Сондай-ақ, онымен бірге ұшақта әйелі болған. Әйелінің айтуынша, 70 жастағы жолаушы қант диабетімен ауырған екен. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қаза болған азаматтың отбасына қайғыра көңіл айтамыз.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*