Басты » Медицина » ЛЮБОВЬ ТКАЧЕВА: “БАЛАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ ДӘРІГЕРЛЕР КІНӘЛІ”

ЛЮБОВЬ ТКАЧЕВА: “БАЛАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ ДӘРІГЕРЛЕР КІНӘЛІ”

Ақ халаттылардың салғырттығынан жаңа туған сәби көз жұмды. Қайғыдан қан жұтқан Любовь Ткачова осылай деп арнамызға арызданды. Айтуынша, ай-күні жетіп, перзентханаға келген жас анаға дәрігерлер дұрыс қарамапты. Соның салдарынан, құрсақтағы нәрестемнен айрылдым,-дейді ашынып. Дегенмен, дәрігерлер бұл айыптауларды жоққа шығарып, баланың денсаулығында кінәріт болғанын айтып ақталуда.

14_11_2-5-mp4_snapshot_00-21

– «Үйде кішкентай бала болады деп үміттеніп жүргенбіз. Ал олар біз баланың неден өлгенін білмейміз дейді.»

Көз жасы көл болған Людмила Абдурахманова немересінің өліміне дәрігерлердің тікелей қатысы бар дейді. Себебі, қызының жүктілігі қалыпты жағдайда өткен. Медициналық тексеріс кезінде құрсақтағы сәбиінің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмапты. Ал, Любовь Ткачеваның өзі болса, 23 қазан күні перзентханаға ай-күні жетіп түскенін айтады.

Любовь ТКАЧЕВА, Шымкент қаласының тұрғыны:

– «Ешкім қарамады. Акушер келіп- кетіп жүрді. Сосын тамырдың соғуы 80-ге дейін түсіп кетті. Сөйтіп, акушер бөлім меңгерушісін шақыруға кетіп қалды. Ол келгесін ота жасау керек, келісесің бе,- деп сұрады. Мен келісетінімді айттым. Бірақ, ол кезде тым кеш болатын. Наркоздан кейін есімді жиып, баламның неге өлгенін сұрадым. Ал, дәрегер болса, білмеймін кіндігін кескеннен кейін осылай болды дейді».

14_11_2-5-mp4_snapshot_00-48

Дәрегерлердің жұмысына салғырт қарағанын Маргарита Тищенкода растап отыр. Себебі, Любовь Ткачеваның толғағы қысқанда ол қасында болыпты. Айтуынша, ақ халаттылар уақытты созып, жағдайды ушықтырып алған.

Маргарита ТИЩЕНКО, Шымкент қаласының тұрғыны:

– «Бізге келіп айтты. Қазір күшенбе, бізде ауысым болады деп. Ол кезде таңғы сағат он болатын. Осы уақыт аралығында Люба қатты қиналып жатты».

Дегенмен, №1 облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері мұның барлығын жоққа шығарып отыр. Айтуыларынша, баланың денсаулығында кінәрат болған. Оны растайтын арнайы құрылған комиссияның шешімі бар екен. Сонымен қатар, жүктілік кезіндеде қиындықтар туындапты.

Дильбар АЗИМОВА, №1 Облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– «Біз қызметтік тексеріс жүргіздік. Біздің қызметкерлер тарапынан ешқандай қателік кетпеген. Себебі, босанудың алдында тұрған әйелді қараусыз қалдыра алмаймыз. Оны дәлелдейтін акушердің, дәрігердің арнайы қағаздары болады. Сонымен қатар осы жағдайға қатысты облыстық денсаулық басқармасы тарапынан комиссия құрылып, барлық құжаттарды тексеріп шықты».

Ойда жоқта тұңғышынан көз жазып қалған Любовь Ткачева болса, бұл істі соңына дейін жеткіземін деп бекініп отыр. Ол үшін қазір тиісті орындарға арыз жазыпты.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*