Басты » Қоғам » ШЫМКЕНТТІК ШЕНЕУНІКТЕР ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТЕРІНЕ ҚАЙТА ОТЫРДЫ

ШЫМКЕНТТІК ШЕНЕУНІКТЕР ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТЕРІНЕ ҚАЙТА ОТЫРДЫ

Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінің шенеуніктеріне қызметтік көліктері қайтарылды. Еске салайық, бір ай бұрын бұл қызметтік көліктер тұраққа қойылып, бір ай бойы қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары қызметтік көлікті пайдалану мүмкіндігінен айрылған болатын.

18_10_2-7-mp4_snapshot_00-08_-2017-10-18_12-37-14

– Шаһар әкімі тәжірибе ретінде шенеуніктерге де қарапайым халықтың жағдайымен танысуды ұсынды. Яғни, әкімдіктің жоғары лауазымды қызметкерлері күн сайын басқа да қалалықтармен бірге жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынады. Шенеуніктер автобустармен құр қатынап қана қоймай, қоғамдық көліктердің лық толуы, жолаушыларға көрсетілетін қызмет дәрежесі секілді тұстарда кездескен олқылықтар мен кемшіліктерді тіркеп отырды. Нақты айтқанда шымкенттік шенеуніктер автобустармен тұп-тура 1 апта жүрді. Одан кейін жұмысқа өз еріктерімен – автобуспен, жаяу немесе өздерінің жеке көліктерімен қатынай бастады, – дейді Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айгерім Жұмағұлова.

17_10_2-5-mp4_snapshot_02-25_-2017-10-17_14-36-23


Бұл бастаманың нәтижелері мынадай:

– таяуда қала бойынша әлеуметтік 10 бағыт ашылады және кәсіпкерлерге қосымша жаңа 12 бағыт ұсынылды;
– қалалық әкімдіктің сайтында көлік компанияларының рейтингі жарияланды. Онда қоғамдық көліктің қызметін пайдаланатын кез келген тұрғын жолаушы тасымалдаушылардың жұмысын бағалау мүмкіндігіне ие болды;
– азаматтардың арыз-шағымы мен рейтинг нәтижесі негізінде келісім-шарттың талаптарын сақтамаған 5 компаниямен келісім үзілді;
– кейбір бағыттарда көлік кестесін көбейту ұсынылды. Мысалы, №4 бағыт бойынша 4 кесте қосылады, №40 бағытқа – 2 кесте, №145 бағытқа 3 кесте қосылады. №101 және 89 бағыттардағы көлік кестесі қайта жасалды;
– жолаушыларға қолайлы болу үшін мобильді қосымша жасалды. Ол тұрғындарға қай бағыттағы автобустың қандай да бір аялдамаға қай уақытта келетінін анықтауға мүмкіндік береді. Қазір қосымша сынақтан өткізілуде;
– жолаушыларға электронды билет беру жүйесін орнату бойынша «SMART-ЖКХ» ЖШС-мен меморандум түзілді;
– муниципалды автопарк құру бойынша жұмыс атқарылуда;
– таяу күндері қалаға жаңа 100 автобус келеді деп күтілуде;
– автобус аялдамаларында көлік қозғалысының кестесі бар ақпараттық таблолар орнатыла бастады. Енді тұрғындар өзіне қолайлы бағыт таңдау үшін осы кестеге қараса болғаны.

17_10_2-5-mp4_snapshot_00-23_-2017-10-17_14-35-49

Айта кетейік, бұл – осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар. Негізгі қорытынды 11 желтоқсанда өтетін жиналыста айтылады, – деп хабарлайды Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айгерім Жұмағұлова.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*