Басты » Қоғам » Тал түсте атылған мылтықтың даусы, жұрттың зәресін ұшырды

Тал түсте атылған мылтықтың даусы, жұрттың зәресін ұшырды

Шымкенттің қақ ортасында тапа – тал түсте мылтық атылып, жұрттың зәресін ұшырды. Балалардың көзінше иттерді жайратып салған ветеринарлық қызмет мамандарының жұмысына халықтың көңілі толмайды. Тұрғындардан түскен шағымнан соң, арнамыздың түсірілім тобы бірден оқиға орнына аттанды. Ал жауаптылар иттерді түскен өтініштер негізінде атамыз деп ақталуда.

 

Елена Васильченко сөзінше, ветеринарлық қызметтің мамандары қаңғыған иттерді көшедегі балалардың көзінше жайратып салған. Аяғы ауыр келіншек бұл көрініске кәмілетке толмаған қызы да куә болғанын айтады. Бұл оқиға қызының психологиясына теріс әсерін тигізеді ма деп алаңдайды. Мұндай бейберекетті көріп жағасын ұстаған тұрғындар, іштегі реніштерін жеткізді.

Елена ВАСИЛЬЧЕНКО қала тұрғыны

Барлық балалар шықты. Мұның барлығы біздің көзімізше өтті. Қызым үйде жатыр, жылап. Өйткені біз бұл иттерді күшік кезінен қарағанбыз. Олар ешкімге қарап қаппайтында.

Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысы медициналық колледжінің маңында орын алған. Қаңғыбас иттер оқу ордасына көршілес орналасқан көп қабатты тұрғын үй маңын мекен еткен. Мына көріністі оқу ордасының студенті ұялы сымтетіктің таспасына жазып алған. Онда ветеринарлық қызмет мамандары шаһардың қақ ортасында азулыны жайратып салып, көлікке тиеп жатыр. Айтуларынша, бұл қызметті арнайы шақырту бойынша жүзеге асыруда.

Жауапты мамандарға бір күн бұрын медициналық колледждің коменданты арыз тастаған болып шықты. Мұхтар Имашевтің сөзінше бұл жерде қаңғыбас иттер қаптап жүреді. Тіпті олардың студенттерді қапқан деректері де тіркелген .

Мұхтар ИМАШЕВ колледж коменданты

Біз ескерткенбіз. Егер сіздердің иттеріңіз болса, тиісті ережеге сай ұстаңыздар. Мұнда 10-нан астам қаңғыбас иттер жүреді. Уже қапқан фактілер болады. Қарындасымыз иттен қорқады. Қаңғыған арамы иттер бар. Немесе документін көрсетсін, байлап қойсын олар өз терреториясында жүру керек. 

Редакциямызға оқиға жайында хабарласқан Диана Мақсұтова аталған колледжде білім алады. Айтуынша иттерге жаны ашып, өз пікірін білдіргені үшін білім ордасының мамандары бойжеткенді қорқытқан. 

Диана Мақсұтова студент Маған сенімен басқаша сөйлесеміз деп айтты. Өйткені мен мұндай бассыздыққа қарап тұра алмадым. Олар иттерді жүксалғышқа тастап жатты жұрт көзінше атып. Мұнда иттерді қапты деген дерек орын алмаған мүлде. 4 жыл болды ғой оқып жүрміз.

Алдағы уақытта біз осы оқиға студенттің әрі қарай білім алуына кедергі бар жоқтығында анықтайтын боламыз. Сондай-ақ қаңғыбас иттер паналайтын тәлімбақтың жұмысы жайында материал дайындайтын боламыз.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*