Басты » Қоғам » „Елбасы құрған бірегей институт„

„Елбасы құрған бірегей институт„

Айтулы күнге орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде тәуелсіз мемлекет құрудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы сөз қозғалды. 26 жылда талай маңызды шешімдер қабылданып, Елбасының бастамасымен бірталай халықаралық келіссөздер жүргізіліп, ауқымды шаралар қолға алынды. Еліміздің дамуына әсер еткен президенттің маңызды шешімдері де жиын барысында айтылды. Мемлекет басшысының елге сіңірген өзгеде еңбектері „Елбасы құрған бірегей институт„ деп аталатын бейнефильм арқылы көрерменге ұсынылды.

Мәжілісті облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов жүргізді. Оның айтуынша, тәуелсіз елдің шежіресінде Елбасының сіңірген еңбегі орасан. Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі тарихта тәуелсіз Қазақтан Республикасының негізін қалаушы қайраткер ретінде алтын әріппен жазылады, дейді ол. Бұдан өзге жиынға қатысушылардың әрқайсысы Тұңғыш Президенттің рөлі және президенттік басқарудың тарихи жолы туралы баяндама әзірлеп келген.

Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

1991 жылы 1 – ші президентті сайладық. 98 пайызбен жеңіске жетті. Содан бері қанша жыл болды, осы мерекені тойлап жатырмыз. Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде көп мәселе айтуға болады. Ол халықаралық, мұсылман халқы арасындағы лидер ретінде үлкен дүниежүзілік лидер десем қателеспеймін.

Сондай-ақ шара аясында „елін сүйген Елбасы„ деген тақырыпта кітап көрмесі де ел назарына ұсынылды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*