„Елдің туын желбіреткен Елбасы„ - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » „Елдің туын желбіреткен Елбасы„

„Елдің туын желбіреткен Елбасы„

Елдің туын желбіреткен Елбасы„ ҚР-ның Тұңғыш Президент күніне арналған флешмоб осылай аталды. Облыстық көрме орталығы мен химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырған іс-шараға 300 ден астам оқушы қатысты. Бойында біліммен күш қуаты тасыған болашақ ұрпақ, мерекелік флешмобты өз деңгейінде орындап шықты. Зияткерлік мектебінің шәкірттері бір ай алдын дайындалған. Елбасымыздың „Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру мақаласы аясында Президент туралы толық мәлімет беру, іс-шараның негізгі мақсатының бірі. Сонымен қатар әр азаматтың өз отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбилеу.

Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылдың 1 желтоқсанында қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті. Жалпы Елбасына деген ел құрметін айырықша айғақтауға арналған бұл мереке дәстүрлі іс -шараға айналған.

Азамат Айтпаев

ұйымдастырушы

Мынау жастарды жинау себебіміз, жастарға патриоттық сезім беру. Ұлттық билеріміз арқылы олардың патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Бұл флеш моб бізде көрме орталылығында жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Өзіміздің жұмыс жоспарымызға енгізілген десекте болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*