Басты » Тараусыз » Ж. Түймебаев: Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс

Ж. Түймебаев: Үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға әкім орынбасарлары, облыстық басқарма мен үкіметтік емес ұйым басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Қазіргі таңда өңірімізде 1268 қоғамдық ұйым тіркелген. Оның 558-і үкіметтік емес ұйым болса, 174-і белсенді үкіметтік емес ұйым саналады. Облыста үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында жыл сайын қаржыландыру көлемі артып келеді. Нәтижесінде өңірімізде 200-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Алайда, кейбір салалар бойынша қыруар қаржы бөлінсе де, жүйелі жұмыстар байқалмайды. Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлының пікірінше, әрбір үкіметтік емес ұйым жобалық офиспен бірлесіп, арнайы жобалар дайындауға, оны жүзеге асыруға, жетекшілік етіп, белсене қатысуы тиіс.

Жанболат Малаев

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*