Волейболдан өткен турнир ең мықтыны анықтады - Шымкент жаналықтары
Басты » Тараусыз » Волейболдан өткен турнир ең мықтыны анықтады

Волейболдан өткен турнир ең мықтыны анықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні„ мерекесіне орай Сайрам тұрғын үй алабында волейболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық дода „Нұр Отан„ паритиясының облыс бойынша филиалы және Қаратау ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен іске асты. Басты мақсат аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Ал жүлде қорының жалпы соммасы 200 000 теңгені құрайды.

Аламанда 6 команда өзара бақ сынасты. Волейболдан өткен турнир бұқаралық спортты дамытып, аудан жастарын оң бағытқа сілтеу мақсатында ұйымдастырылған. Сайысқа түскен әрбір команда мүшесі жеңісті қолдан бермеуге тырысып, жарыстың көркін қыздырды.

Оразәлі КЕНЖЕБЕКОВ

Мәртөбе, Қызыл су тұрғын үй алабы ауылдар кеңесінің төрағасы

Сыйлықтары бірінші орынға 100 мың, екінші орынға 50 мың, үшіншіге 30 мың, 4 ге 20 мың теңге. Ұйымдастырып отырған нұр отан партиясының облыстық филиалы.тұңғыш президент күніне орай. Сайысқа 6 команда қатысуда. Қаратау, нұр отан. Қызыл су, тассай, сайрам, достық. Жеңімпаз 1-4 орынг болады. Спортты насихаттау. Және тұңғыш президент күніне өткізіп жатқан іс шараның бірі.

Жартылай финалға жолдама алған Нұр Отан партиясы мен Қызыл су командалары 3 орынға таласып, сайысқа түсті. Нәтижесінде 30 мың теңге сыйақы Қызыл сулықтарға бұйырды. Ал нұротандықтар төртінші орынға жайғасып, 20 мың теңгеге ие болды. Қаратау әкімдігі командасының мүшесі аудан әкімінің орынбасары Марат Тәжібаевтың айтуынша олар спорттық додада жақсы өнер көрсетіп, финалға жолдама алған. Ендігі мақсат бірінші орынды қанжығамызға байлау дейді. Ол үшін қатысушылар Сайрам командасымен додаға түсуі қажет

Марат ТӘЖІБАЕВ Қаратау ауданы әкімінің орынбасары

Қазір бір ойын болды. Жеңіске жеттік. Әрине осыдан кейін тағы жеңіске жетеміз дейміз. Мақсатымыз салауатты өмір салтын насихаттау. Дені сау ұрпақ ұлт болашағы дейді ғой. Сондықтан бұл сайыстың маңызы зор.

Бәсекеге толы турнир екі күнге жалғасты. Финалда өнер көрсеткен „Сайрам„ командасы 2 ұпайға жоғары нәтижеге жетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарға „Нұр отан„ партиясы облыстық филиалының кубогі мен 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды.

Ал екінші орын қаратау әкімдігі командасына бұйырып, олар 50 мың теңгені құрайтын сертификатқа ие болды.

Азиза Мадияр

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*